Әйгілі кәсіпкер Джек Маның көпшілікке ой салатын нақыл сөздері

Автор: редактор 16 октября, 2023


Әйгілі кәсіпкер Джек Маның көпшілікке ой салатын нақыл сөздері

☝🏻Джек Ма — қытай кәсіпкері және филантроп. Ол Alibaba Group, жоғары табысты интернет бизнес тобының негізін қалаушы және атқарушы төрағасы. Сонымен қатар Forbes мұқабасына алғаш рет пайда болған қытайлық кәсіпкер.

2004 жылы Bloomberg  компаниясының мәліметі бойынша Джек Маның жеке байлығы 32,7 миллиард құрап, әлемде 18-ші және Қытайдағы ең бай азамат ретінде тіркелді.

▪️Махаббат — біртүрлі сезім. Бұл — уақыттың өтуімен, жасаған ортаңның ауысуымен бірге өзгеріп отырады. Егер күндердің бірінде сүйгеніңнен айырылып қалсаң сабырлылықпен күт, уақыттың өзі барлығын ұмыттырады, көңілің де сабасына түседі. Махаббаттан бал жұтам деп өлермендене беріліп те кетпе, махаббаттан келетін қайғыдан қабырғаң қайысып шөгіп те кетпе.

▪️Өміріңде кездескен кез келген адамды немесе бағалы затты, басқа ешкім, ешнәрсе оның орнын баса алмайды деп қарама. Осы көзқараста мықты болсаң болашақта асылыңнан айырылып қалсаң да сабырлы бола аласың.

▪️Мен 26 жыл бойы лотерея билетін сатып алып келемін, әлі бір де бір рет ұтқан жоқпын. Тіпті 3 дәрежелі ұтысқа да жеткем жоқ. Бұл дегеніміз адам табысқа жету үшін құлшына үйреніп, тынбай еңбек ету керектігінің дәлелі, мына әлемде ақы алмайтын асхана жоқ.

▪️Адамдарға сенiң құрғақ сөзiң емес, жасаған iс-әрекетiң маңызды.

▪️Көптеген табысқа жеткен кәсіпкерлердің білімі орташа болған, бірақ бұл құлшына үйренбеген адам да табысқа жете алады дегендік емес. Есіңде болсын білімің ешкім сеннен тартып ала алмайтын ең мықты қаруың. Адам білімсіз де кәсіп жарата алады, бірақ білімсіз бәрібір де оны дамыта алмайды.

▪️Егер 35 жасыңызда сіз әлі де кедей болсаңыз – онда сіз бұған лайықтысыз