Көшпелілердің экономикасына әсер еткен 4 қабілет

Автор: редактор 11 сентября, 2024


Көшпелілердің экономикасына әсер еткен 4 қабілет

🟩 Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде эволюциялық жолмен дами бастады.

Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды.

🔺 Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей байланысты болды. Өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды. Еуропалық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді.

🔺“Ата қоныс” ұғымы көшпелілер үшін қасиетті болды. Қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аруақтар жатқан молалардан, т.б. тұрды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игере отырып, климат ерекшеліктерін ұтымды қолданады. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері Арқаның теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді — жайлау, ал оңтүстік және орталық аймақты қыстау ретінде пайдаланды.

“Құрғақ даланы, — дейді ағылшын тарихшысы, социолог Арнольд Джозеф Тойнби — тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді қалыптастырады”.

✔️ Көшпелі өмір, төрт түлік мал, жер-ана барлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, төл мәдениетін жасады. Көшпелі өмір тіршілігіне сай қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш, ат үстіндегі алыс сапарларды қайыспай көтеретін дала перзенттері, жан-жақты жетілген адамдар қалыптасты.