Күз мезгілінде адам ағзасына қажет дәрумендер
Күз мезгілінде табиғатпен бірге адамдар да сұлғырт тарта бастайды. Себебі тұмау мен түрлі инфекция осы уақытта белең ала бастайды. Дегенмен көпшілігіміз бұл мезгілде сергек әрі көңілді жүру үшін ағзаға бірқатар дәруменнің қажет екенін ескере бермейміз. Нәтижесінде жиі ауырып, иммунитетіміз төмендеп, әлсіздік пайда болады.
Иммунитетті жақсарту, ауру-сырқаулардан алдын алудың бірден бір жолы – дұрыс тамақтану мен дәрумендер. Сонымен, күз мезгілінде қандай дәрумендер қажет, оларды қандай тағамдардан табуға болады?
Ендеше біз ұсынған кеңестерді оқып шығыңыз! ✔️
🟢А дәрумені
Бұл дәрумен зат алмасу процессін жақсартады. Сонымен қатар ағза күніне 1,5 мг А дәруменін қажет етеді. Оларға: сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмысртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ жатады.
🟢B тобының дәрумендері
Егер ағзаға аталмыш дәрумен жетіспесе адам жиі күйзеліске тап болады. Сәйкесінше көңіл күйі болмайды әрі ештеңеге зауқы соқпайды. Күйзеліспен күресуге В тобының дәрумендері, әсіресе, В6 дәрумені мен магний көмектеседі. Бұл топқа жататын дәрумендер ашытқы, бауыр, сәбіз, сүт, саңырауқұлақ бидай, ет, бүйрек, жұмыртқа, күріш жармасының құрамында көп кездеседі.
🟢С дәрумені
Ағзаға С дәрумені жетіспесе адамда ашуланшақтық, әлсіздік, ұйқышылдық пайда болады. Сондықтан ағзаның иммунды қорғанышын қатайту үшін С дәрумені мен мырышты тұтынғаныңыз жөн. Бұл дәрумендер ағзаны вирустардан қорғайтын лейкоциттер түзеді және иммуниет жұмысын жақсартады. Олар: итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ құрамында болады.
🟢D дәрумені
D дәрумені адамның эмоциялық жағдайына және иммуниетке тікелей жауап береді. Оны көп жағдайда күн көзінен аламыз. Сонымен қатар бұл дәрумені кальций мен фосфордың алмасуын реттеуге көмектеседі. Ол балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, сүт өнімдерінде мол. Әсіресе өзен, көл балығына қарағанда, “Д” дәрумені теңіз балығында көп.
🔺Міне, жоғарыда аталған дәрумендердің бәрі ағзаға қажет. Олар денеде бір-бірімен тығыз байланыста болады. Олай болса, күзде өз денсаулығыңызға ерекше мән беріңіз! Себебі денсаулық — әр адамның өз ф