Кекештеніп сөйлеуден қалай арыламыз? — 5 кеңес
Кекештік (тұтығу) – сөйлеу қалпының бұзылуы, жеке дыбыстар мен сөз буындарын айтқанда немесе оларды қайталағанда еріксіз мүдіру. ❌ Өз кезегінде, бұл процесс тіл бұлшықетінің тартылып қалуынан болады.
⠀
Егер кекештіктен тезірек арыламын десеңіз, төмендегі кеңестерді қажетіңізге жаратыңыз!⬇️⬇️⬇️
⠀
☑️ Тіліңізде мүкістік барын байқаған бойда оған қолайлы жағдай жасап, назарыңызды кекештікке аудармауға тырысыңыз. Кей жағдайда өз ортаңызды ауыстырған кезде кекештеніп сөйлеуді қойып кетесіз;
⠀
☑️ Өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз. Бұл кекештеніп сөйлеуді түбегейлі жоюдың бірден бір жолы;
⠀
☑️ Кекештеніп сөйлейтін жандар сөздің қарқынын бұзбай, демін ішке тартып сөйлеуге машықтануы керек.
⠀
Әрі жаныңыздағы адамдармен түрлі тақырыптарда жиі сөйлесіп, пікір алмасудың маңызы зор;
⠀
☑️ Сонымен бірге екінші тарап әңгіме барысында сіз кекештеніп сөйлейтін сөздерді көбірек қолданатындай етіп сұрақ қойып отырған дұрыс;
⠀
🔴 Негізінен, тұтығуды жоюдың ұтымды жолы — тұтығатын адам мен мамандардың бірге талаптанып жүйелі, тиянақты түрде мейлінше ұзақ жұмыс жасауы. Мұндай бірлескен мақсатты жұмыстың нәтижесі тұтықпаны жоюға оптимистік тұрғыдан қарауға мұрындық болады.