Кез келген мәселеңізді шешуге көмектесетін “Фрирайтинг” әдісі: Қалай дұрыс қолданамыз?

Автор: редактор 12 ноября, 2024


Кез келген мәселеңізді шешуге көмектесетін “Фрирайтинг” әдісі: Қалай дұрыс қолданамыз?

📌 Бүгінде адамдар түрлі ақпарат ағынымен бетпе-бет келуде. Бұл сәйкесінше адамды уайымға салып, түрлі сұрақтың туындуына алып келеді. Осы тұста фрирайтинг әдісі мидағы ақпаратты ретке келтіріп, кез келеген мәселенің шешімін табуға көмектеседі.

Фрирайтинг қазақ тіліне аударғанда “еркін хат жазу” деген мағынаны білдіреді. Яғни, бұл әдісті орындайтын кезде қағаз-қаламмен дос боласыз. Ең алдымен бұл әдіс кімдерге қажет деген сұрақққа тоқталып өтейік.

▪️Бір іске кірісуге батылы жетпей жүргендерге;
▪️Мәселенің шешімін таба алмай жүргендерге;
▪️Жаңа идея іздегендерге;
▪️Іштей өзін бұғып, ойын сыртқа шығара алмай жүргендерге;
▪️Шығармашылық еркіндікке қол жеткізгісі келетіндерге;
▪️Мидағы ауыр ойдан арылғысы келгендерге арналады.

✍🏻 Фрирайтинг әдісін қалай жазамыз?

Таза парақ пен қалам алып, оятқыш таймерін 20-30 минутқа қойыңыз. Осылайша сұрағыңызды анықтап алыңыз. Мәселен, “Мен қай бағытқа бет бұрғым келеді?” немесе “Менің миссиям қандай?” деген сұраққа байланысты басыңызға келген барлық ойды қағазға түсіріңіз. Оятар шырылдағанша жазуды тоқтатпайсыз. Жұмысты аяқтаған соң асықпай қағазды қайта қолға алып, дауыстап оқып шығыңыз. Ішінен маңызды ой тапсаңыз, астын сызып, түртіп қойыңыз. Бұл сізді мазалап жүрген ойдың жауабы болуы мүмкін.

📍Фрирайтинг ережесі

▪️Жазғаныңызды оқымайсыз. Тоқтаусыз жаза бересіз. Ойлануға болмайды. Оятар шырылдағанда ғана тәмамдайсыз. Ойыңызға ештеңе келмей жатса ойыма ештеңе келмей жатыр деп жазыңыз.

▪️Жазу барысында біреудің пікіріне тәуелді болмаңыз. Өзіңізбен шынайы әрі еркін болыңыз.
Ойыңыз басқа жаққа ауып бара жатса, тоқтап қалуға тырыспаңыз. Өзіңізге ұнамайтын ойларды толықтай шығарып тастауға тырысыңыз.

▪️Қатеге мән бермеңіз. Ойыңыз тек жазуда болсын. Стиль мен логикаға да мән бермеңіз

▪️Сөз ретінде емес сөйлем түрінде жазыңыз.