Критикалық ойлай алатын адамның 8 ерекшелігі

Автор: редактор 18 Шілде, 2023


Критикалық ойлай алатын адамның 8 ерекшелігі💥

📌 Критикалық ойлау – кез келген жаңа ақпараттың артықшылығы мен кемшілігін ажыратып, оның дұрыс-бұрыстығына көз жеткізе отырып, өз бетінше тұжырым жасап, шешім қабылдау. 📌 Грек тілінен аударғанда «kritikos» – «сын», «бағалау», «тексеру» деген мағынаны білдіреді. Сократтың пікірінше, жақсы өмір сүру үшін әрі өмірдің мәні мен құны болуы үшін тұлға сыни сұрақ қоя біліп, өзі үшін «ізденуші жан» болуы керек.

1⃣ Сыни ойлай алатын адам түрлі саланың мамандарымен тиімді қарым-қатынас орната алады.

2⃣ Ойлаудың бұл формуласы сонымен қатар адамның өзін дұрыс басқаруына, дұрыс тәрбиелеуіне, өзінің жүріс-тұрысын бақылауда ұстауына мүмкіндік береді.

3⃣ Сенімдері мен әрекеттеріне жетекшелік ететін стандартты және стандартты емес шешімдерді қабылдай алады.

4⃣ Ойы жинақы болады.

5⃣ Логикалық түйіндерді жылдам шешетін болады.

6⃣ Сыни ойлау адамды ақпаратпен жұмыс жасауға, жан-жақты ойлауға баулиды.

7⃣ Сыни ойлай алатын адам басқалардың пікірлерімен санасып, өз көзқарасын олармен салыстырады.

8⃣ Кез келген мәселеге ауқымды түрде қарай алады.