Әлемдегі ең алып Apple компаниясы өз жұмысын қалай бастаған?

Автор: редактор 11 Наурыз, 2024


Әлемдегі ең алып Apple компаниясы өз жұмысын қалай бастаған?

📱Әлемге әйгілі Apple компаниясы дүниежүзіндегі ең мықты технологиялық компанияның бірі. Оның негізін қалаушы Стив Джобс өмірлік кәсібін ата-анасының гаражынан бастаған.

1976 жылы 21 жастағы Стив Джобс пен 26 жастағы Стив Возняк әрқайсысы 500 АҚШ доллары болатын 50 компьютерді жергілікті дүкенге арнап өз қолдарымен 30 күн ішінде құрастырып шыққан.

🍏 Фирманың атауы ағылшын тіліндегі алма сөзінен шыққан. Мекемнің логотипінде да алма қолданылады. “Apple” атауын Стив Джобс берген. Джобс бұл сөзді құлаққа жағымды естіледі деп санаған, сонымен қатар фирманың атауы телефон кітабында “Atari” компаниясының алдында келетінін де ескерген.

Оның бас штаб пәтері — Калифорния штатындағы Купертино қаласында орналасқан.

📌 Тарихы

Корпорацияның негізін Стив Джобс, Стив Возняк және Рональд Уэйн салған. Возняков өзі құрастырып шыққан компьютер алғаш рет көпшілікке Homebrew Computer Club-ында көрсетілген. Бұл Apple I дербес компьютері болатын. Бұған дейін 1974 жылы “Альтаир 8800” компьютерлері шыққан еді, алайда олар жеке компьютер ретінде техникалық жағынан біліктілігі жоқ болған. 1976-1977 жылдары бірнеше фирмалар алғашқы жеке қолданыстағы компьютерлерді шығара бастайды.

📌 1977 жылдары Commodore және Tandy Radio Shack компанияларының компьтерлері мыңдап сатылған, дегенмен де 1970 жылдардың аяғында 1980 жылдардың басында Apple II компьютерлері әлем бойынша миллиондаған данасымен таралады.

1980 жылдары Apple тарихында Apple IIІ жобасына шығарылуына қатысты сәтсіз болады. 1981 жылы Возняк жол апатына ұшырап уақытша жұмысын ысырып қояды. Осы кездегі Apple IIІ-тің сатылымына қатысты шыққан қиындық үшін Джобсқа 40 қызметкерін жұмыстан босатуға тура келеді. Баспасөздерде компанияның жақын арада жабылуы жайлы сөзздер қозғалады. Тұғырықтан шығу үшін 1983 жылы Джобс Джона Скалли компания президенті қызметіне шақырады. Алайда Джобс пен Скаллидің қарым-қатынастары жақсы болмайды. Корпорацияның негізін Стив Джобс, Стив Возняк және Рональд Уэйн салған. Возняков өзі құрастырып шыққан компьютер алғаш рет көпшілікке Homebrew Computer Club-ында көрсетілген. Бұл Apple I дербес компьютері болатын.

📌 1984 жылы Apple фирмасы өзінің алғашқы жаңа 32-разрядты Macintosh компьютерін ұсынады. Ары қарай компания осы компьютердің серияларын шығарумен айналысады. Macintosh компьютерлері фирмалық операциялық жүйемен жабдықталған Motorola процессорлары негізінде шығарылған. 1985 жылы АҚШ-тың президенті Рональд Рейган техникалық үдерістің дамуына үлес қосқаны үшін Джобс пен Везнякты медалдармен марапаттайды.

🏆 2001 жылы 23 қазанда Apple iPod аудиоплейерін шығарады. Ол үлкен сұранысқа ие болады. 2009 жылғы қыркүйек айында жүргізілген санақ бойынша 220 миллионнан астам iPod сатылған. 2007 жылдың қаңтар айында фирма сенсорлы iPhone смартфондарын ұсынып, 2010 жылы нарыққа iPad планшетті компьютерін шығарады. Осы жаңа өнімдерді шығару арқасында Apple өзінің қаржылық жағдайын біршама жақсартып алып, 2011 жылы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша, ExxonMobil мұнай компаниясын басып озып, ең қымбат компанияға айналған.