Әлемдегі валюталар жайлы қызықты 15 дерек

Автор: редактор 04 Мамыр, 2023


📌 Валюта – тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін қолданылатын ақша өлшемі.

✔️ Бүгін осы валютар жайлы қызықты деректермен бөлісуді жөн көрдік. Сіз де таным-көкжиеніңізді кеңейтіп, әлемдегі валютар жайлы біліміңізді толықтырыңыз.

1.5000 рубльдік ресейлік банкноттың салмағы 1,02 грамм. Ал бес мыңдық купюрадағы бір миллион рубльдің салмағы 204 граммды құрайды.

2. Доллар купюрасын өндіруге арналған материалдар – зығыр және мақта.

3. Алғашқы қағаз ақша шамамен біздің заманымыздың 5 ғасырының ортасында Қытайда пайда болды.

4. Зимбабведе инфляция ең жоғарғы шегінде жылына 321 миллион% құрады. Соның салдарынан ел өз валютасынан бас тартып, АҚШ долларына көшті.

5. Еуро – әлемдегі ең жас валюта. Ол 1999 жылы 1 қаңтарда қолма-қол ақшасыз айналымға енді. Ал алғашқы банкноттар мен монеталар тек 2002 жылдың қаңтарында пайда болды.

6. Швейцария франкінің барлық банкноттарында мәтін мен кескіндердің тік орналасуы – басқа елдердің банкноттарынан ерекшелеп тұрады.

7. Вьетнамдағы банкноттар (донгтар) жыртылмайды, суға батпайды және күймейді. Олар ең жұқа пластиктен жасалған және қайшымен кесілген жағдайда ғана істен шығады. Сондай-ақ, пластикалық банкноттар Австралия, Таиланд және Жаңа Зеландияға тән.

8. 60-жылдардың басында 1 ресей рубліне 1 грамм алтын сатып алуға болатын.

9. Британдық фунт стерлинг айналымында 100 бірлік банкноттарды таба алмайсыз. Тек 5, 10, 20 және 50 фунттық банкноттар қолданылады.

10. Әрбір долларлық купюраның өз қызмет ету мерзімі бар: 100 доллар үшін – 5 жыл, ал 20 доллар үшін – бар болғаны 25 ай.

11. Басқа валюталардың көпшілігінен айырмашылығы, қытай юані долларға байланысты емес. 2005 жылдан бастап юань бағамы бірнеше валютаның «себетіне» қатысты есептелді.

12. Теңгенің алғашқы партиясы Англияда шығарылды: оны тасымалдауға 18 рейс тартылды. Ал қазіргі таңда теңге Қазақстандағы өз зауытында өндіріледі.

13. Еуроның ең жоғары құны 2014 жылғы 16 желтоқсанда тіркелді – ол кезде баға алдыңғы күннің жабылу деңгейімен салыстырғанда 23%-ға қымбаттап, 100,74 рубль болды.

14. Доллор банкноталарына жарнама орнату 2004 жылдан бастау алады.

15. АҚШ-та тірі адамдарды банкноталарда бейнелеуге тыйым салынған.

16. Әлем валюталарының ішіндегі ең жеңіл тиынның салмағы – 0,17 грамм.