Әлемді бағындырған BTS: K-Pop тобының жетістікке жетудегі негізгі үш құпиясы

Автор: редактор 06 мая, 2024


Әлемді бағындырған BTS: K-Pop тобының жетістікке жетудегі негізгі үш құпиясы

🎶 BTS тобының жыл сайын танымалдығы артып, альбомдары бүкіл әлемді жайлап үлгерді. Ал музыкалық бейнебаяндары рекордтық қаралымға ие болуда.

Топ 2013 жылы дебют жасап, содан бері дүйім жұртты мойындатып келеді. Алайда олар сәттілікке бірден қол жеткізген жоқ. Бұл жол қажырлы еңбек пен зор талапты қажет етті. Себебі топтың “айы оңынан туады” деген түсінікке көпшілік күмәнмен қараған еді. Бүгінгі таңда олар діттеген жеріне жетіп, жан-жақтан жанкүйелер тапты.

👍 Ендеше бүгін көпшіліктің сүйікті тобына айналға BTS-тің жетістікке жетудегі негізгі үш құпиясына тоқталып өтеміз.

▪️BTS — жай ғана сымбатты жастардан құралған топ емес. Қатысушылардың әрқайсысының таланты бар және олар әрбір кезеңде музыканы, бейнелерді, концепцияларды жасауға белсенді қатысады. Сәйкесінше, олардың дауысы мен орындауында да ерекшелік бар. 2016 жылы жарық көрген “WINGS” атты екінші толықметражды альбомында топтың әрбір мүшесі жеке әндерін орындау арқылы өз таланттарын көрсете алды. Олардың әрқайсысы ән мәтінін жазуға тікелей қатысты. «WINGS» турының 18-19 ақпанда Сеулдегі алғашқы концерттерінде BTS тобының әр қатысушысы жеке өнерін көрсетті.

Осы жеке тәсіл мен бүкіл топтың музыка жасауға атсалысуының арқасында олардың бейнелері мен альбомдары көпшіліктің назарын аударды. Сондай-ақ олардың синхрондалған күрделі хореографиясын да атап өткен жөн. Олар сырттан қарағанда, өте кәсіби және эстетикалық тартымды көрінеді, бірақ топтың екі мүшесі бірнеше жыл бұрын билеуді мүлде білмейтін.

▪️BTS әртүрлі әлеуметтік медиа платформаларда өте белсенді. Нақтырақ айтсақ, бір-екі әлеуметтік желімен шектелмейді: іс жүзінде олар барлық жерде белсенділік танытады.

Мәселен, BTS 20 апта бойы Billboard — SOCIAL 50 чартында (18 — бірінші орында) бірінші орында тұр. Бұл топ сәуір айында Нью-Йоркте өтетін Shorty Awards жүлдесінің финалистері болды. Сыйлық әлеуметтік медиа саласындағы үздік жетістіктері үшін берілді.

▪️ BTS жанкүйерлері — кумирлерінен еш уақытта жалыққан емес және үнемі қолдап келеді. Олардың фандом аты — ARMY.

ARMY-лер топтың әндерін хит-парадтарда үздіксіз ағынмен таратады, олардың бейнебаяндарының қаралымын арттырады және жігіттерге көбірек адамдардың назарын аударуға көмектеседі. Оларды көбінесе BTS-тің “басты промоутерлері” деп атайды.

▪️ Тіпті BigHit Ent агенттігінің ресми аккаунты жанкүйерлердің бұл құлшынысын атап өтіп, оларды топтың жаңа фотоларымен жігерлендіретін жазбалармен ерекше қолдайды.

Әрине, бұл BTS табысының үш элементі ғана. Бұған қоса, басқа да факторлар бар: тартымды келбет, сауатты менеджмент, ойластырылған маркетинг және бүкіл музыка индустриясының нақты талдауы. Бұл үйлесімділік танымал BTS тобын құрды.