Әлемдік нарықта 90 жылдық тәжірибесі бар Toyota компаниясының жетістік құпиясы

Автор: редактор 15 Сәуір, 2024


Әлемдік нарықта 90 жылдық тәжірибесі бар Toyota компаниясының жетістік құпиясы

⚫️ Toyota Motor Corporation – жапондық ірі авто өндіруші. Штаб-пәтері Жапониядағы Тойота қаласында орналасқан. Бүгінде автокөлік сатылымы бойынша алғашқы орынды иеленеді. Нақтырақ айтсақ, жылына 5,5 миллион көлік шығарады. Бұл шамамен әр алты секунд сайын 1 көліктен келеді. 2002 жылы Тойота компаниясы алғаш рет  Formula 1 көліктер бәйгесінде төбе көрсетті.

◼️Тарихы қалай басталды?

Компания 1933 жылы тоқыма станоктарын дайындаумен айналысатын Toyoda Automatic Loom Works зауытының бөлімшесі ретінде құрылды. 1929 жылы Киичиро Тойода Еуропа мен АҚШ-қа машина өнеркәсібімен танысуға сапарға аттанады. 1930 жылы компания иесі Сакичи Тойоданың ұлы Киичиро Тойода америкалық үлгімен бензинді қозғалтқышты автомобильдер шығара бастады. Оның бірқатар өзгерген тегі фирманың сауда маркасы болды. 

📌 Жапония Үкіметі Toyoda Automatic Loom Works компаниясының бұл бастамасын қолдады. 1934 жылы компания бірінші рет А типтегі қозғалтқыштағы жолаушы тасымалдайтын автомобиль шығарды, осы модель 1935 жылдың 1 мамырында пайдалануға берілді, осы жылы G1 жүк машинасы тамыз айында қолданысқа енді. АА маркалы көлігінің өндірісі 1936 жылы басталды. Алдыңғы моделдер Dodge Power Wagon и Chevrolet моделдеріне ұқсас болды.

📌 Компанияға неліктен Тойота атауы берілді?

Toyota Motor Co 1937 жылы өздігінен қызмет атқаратын компания болып негізделді. 

☝🏻Компанияны құрушының тегі “Тойода” болып аталатынына қарамастан, компанияға “Тойота” аты берілді. Өйткені, Жапонияда 8 саны сәттілік әкеледі деп саналады, ал катаканамен жазылған “Тоёта” атауы дәл 8 сызықтан тұрады.

⚫️ Екінші дүниежүзілік соғыстың компанияға әсері

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде компания Жапония императорлығына жүк тасымалдаушы көлік шығарумен айналысты. Сол кездегі қатаң тапшылықтан Жапонияның әскери жүк тасымалдаушы көлігі ең оңай нұсқада, мысалы, бір ғана фарасымен жасалды. Кейбіреуінің ойынша соғыстың жылдам аяқталғаны Аичи қаласындағы Toyota зауытын бомбылаудың әсерінен болды деп санайды.

Toyota Motor Corporation соғыстан кейін 1947 жылы коммерциялық жолаушы тасымалдайтын көлік SA моделін шығарды. 1950 жылы Toyota Motor Sales Co атаулы сатумен айналысатын жеке компания құрылды. 1956 жылы сәуірде Toyopet делдалдық жүйе құрылды. 1957 жылы Toyota Crown Америкаға экспортқа жіберілетін алғашқы жапондық автомобиль болды. 

Тойота 1960 жылы жылдам қарқынмен кеңейе бастады. Ең алғашқы “Тойота” маркалы автомобиль Жапония аумағынан тыс 1963 жылы Аустралияның Мельбурн қаласында конвейерден шығарылды.

2009 жылдың мамыр айында компания қаржылық келеңсіздікке ұшырады. Бұл 1950 жылдан бастап болмаған еді.

📌 Toyota Production System компания менеджментінің жетістікке жетудегі 14 қағидасы

✔️Қысқа мерзімді қаржылық келеңсіздікке қарамастан, басқарма шешімін ұзақ мерзімге қабылдау.

✔️Үзілмейтін ағым процессі түпкі мәселені шешуге көмектеседі.

✔️Қайта шығаруды болдырмау үшін “Тартылу” сұлбасын пайдалан. Тұтынушы қажетті сұрансын өз мерзімінде және өзінің қажетті санында алу үшін, өндіріс жұмысын сапалы ұйымдастыруды қажет етеді.

✔️Жұмыс көлемін түзе. Дұрыс, үнемді өндірісті құру және сапалы қызмет көрсету үшін – түскен тапсырысқа қарамастан өндіріс графигін дұрыс құру қажет.

✔️Сапа қажет етсе, өндірісті тоқтат.

✔️Стандартты есептер мен қызметкерлердің толық өкілеттілігі тоқтаусыз кемелдену негізі.

✔️Бір де бір мәселе байқаусыз қалмау үшін бақылау жасап тұр.

✔️Сенімді, сынақтан өткен технологияны пайдалан.

✔️Өз ісін толық меңгерген және де басқаларға да үйретеді деген оймен көшбасшыларды тәрбиеле.

✔️Өз серіктестерің мен мердігерлерді сыйла, оларға қиын сауал қой және орындалуына көмектес.

✔️Жағдайды шешкің келсе, оған өз көзіңмен қара .

✔️Барлық жағдайды ойлап, өлшеп барып шешім қабылда.

✔️Өз компанияңды талмай үйренуші жетілген және қорытынды жасалған ұйымға айналдыр.

✔️Қажырлы еңбек – бәрін жеңбек.