Әлемге әйгілі Ferrari автокөлігінің тарихы: Нарықты қалай бағындырды?

Автор: редактор 29 апреля, 2024


Әлемге әйгілі Ferrari автокөлігінің тарихы: Нарықты қалай бағындырды?

Ferrari тарихы 90 жыл бұрын бастау алды. Осы жылдар аралығында ол әлемге әйгілі әрі ең қымбат брендтердің біріне айналды.

👨‍👧‍👧 Балалық шағы

Энцо Эро Ансельмо Феррари 1898 жылы Италияның Модена атты шағын қаласында дүниеге келді. Бала кезінде Энцо әкесінің жанынан бір елі алыстамай, Альфредо Феррариге парохоқа арналған металл бөлшектерді жасайтын шеберханасында көмектесті.

Энцо бос уақытында әкесінің ісін зерттеумен айналысты. Ол кішкентайынан журналист әрі опера әншісі болуды армандады. Алайда 1908 жылы Феррари отбасы Болоньядағы автокөлік жарысына қатысқан кезде бәрі өзгереді.

Себебі мұндағы жылдамдық, түрлі көліктер, қауіп-қатер және көпшіліктің қуанышы — он жасар баланы таң қалдырып, жүрегін жаулап алады. Осы сәтте ол жарыс жүргізушісі боламын деген шешім қабылдайды.

📌Мансап жолы

1914 жылы жас жігіт La Gazzetta dello Sport газетіне спорт шолушысы болып жұмысқа орналасады. Онда футбол туралы баяндамалар жазып жүрді. Алайда бұл қуанышы ұзаққа созылмады. Өйткені соғыс басталып, Феррариге де шақырту келеді.

Соғыстан кейін Энцо үйіне оралды. Бұл уақытта оның көлікке деген сүйіспеншілігі мен жетістікке деген ұмтылысы ғана болған еді. Сол себепті ол Fiat-ке қызметке орналасуға тырысады. Өкінішке қарай, ол қабылданбайды.

▪️1919 жылы оның айы оңынан туды. CMN Энцоны сынақшы және көлік жүргізушісі ретінде қабылдайды. Сол кезде жарыстан да бой көрсете бастады. Бірақ бәрі ол ойлағандай болған жоқ. Себебі ол жарыс мансабында төрт жылдан кейін ғана жеңіске жетті.

1923 жылы Circuito del Savio-да жеңіске жетіп, өзіне деген сенімділігі артады. Сонымен бірге Энцоның жаңа қызығушылығы пайда болып, ол кәсіпкерлікке де бет бұрады. Осылайша өзі жұмыс істеген компанияда алдымен (AlfaRomeo) басшылық қызметке ұмтылады. Бұл құштарлығы кездейсоқ пайда болған жоқ. Себебі бұл әрекеті арқылы ол өзінің туған қаласында Ferrari AlfaRomeo автокөліктерін сататын компания құрды. Басшы ретінде оның қолында еркіндік болды.

Энцо жауапкершілігі көп болса да, жарысты шет қалдырған жоқ. Нәтижесі де тамаша болды. Сондықтан 1929 жылы ол өзінің Scuderia Ferrari атты жарыс командасын құруға шешім қабылдайды. Команданың демеушілері AlfaRomeo (жеткізілген автокөліктер), Bosch (ұшқындар), Shell (жанармай мен май) болды.

▪️Бірте-бірте Ferrari командасында әйгілі жүргізушілер пайда бола бастады. Олардың қатысуы арқылы Ferrari туралы ақпарат кең етек жайды. Команда дамып, жеңістері артты. Осылайша байыпты спортшыларды тартып, жоғары беделге ие болады.

Отызыншы жылдардың аяғында бас демеуші жеке өзіне әрекет ететін уақыт келді деген шешімге келіп, командаға тиесілінің бәрін сатып алады. Ал Энцоға жоғары лауазым ұсынады. Бірақ оны қанағаттандырмайды. Себебі өзі жетекшілік ете алатын ісінде біреуге жұмыс істеуді қаламайды.
1939 жылы Ferrari автокөліктерге арналған станоктар мен бөлшектерді шығаратын Auto Avio Costruzioni атты жеке компаниясын құрды.

Компания соғыстың басталуына байланысты ұзақ уақыт жұмыс істей алмайды. Бірақ Ferrari тарихындағы бірінші автокөлікті — AAC Tipo 815 жасап шығарды.

✔️ Ferrari көлігінің дүниеге келуі

1945 жылы соғыс аяқталды. Дәл сол кезде Ferrari спорттық автомобильдер шығару туралы шешімін жариялайды. Ол жаңа жобасына бұрынғы қызметкерлерін, сондай-ақ AlfaRomeo-дағы бұрынғы әріптестерін тартуға тырысты.

Үздіктермен жұмыс істей отырып, екі жылдан кейін ол Ferrari 125 S көлігін таныстырды.

Автокөлік өзінің алғашқы жарысында жеңіске жете алмайды. Бірақ кейін бірқатар жеңіске қол жеткізеді. Жақсы нәтижелер ауқатты адамдардың назарын аударды. Нәтижесінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлер, ақсүйектер мен саясаткерлердің қатары көбейе бастады.

Ferrari автокөлігінің жыл сайын өндірісі мен жарысқа қатысу саны да артты. Бұл брендтің тұрақты жарнамасын, сондай-ақ сатылымдарды қамтамасыз етті.

Алайда компания қиын кезеңмен бетпе-бет келеді. 1956 жылы Энцоның ұлы қайтыс болады. Бұл Феррариді компанияның бүкіл құрылымын қайта қарауға және оны ашық компанияға айналдыруға мәжбүр етті. Ол зауыттарды ірі корпорацияның басшылығына беруге қарсы емес екенін жеткізеді. Осылайша Fiat компанияның 40% -ын 11 миллионға сатып алады.

Бұдан кейін өндіріс өркендеп, Энцо Феррари өзінің өмірлік жұмысына — жарысқа көбірек уақыт бөле бастады. Ол өзінің мінсіз спорттық көлігі туралы көзқарасын өмірінде шығарылған соңғы модель — Ferrari F-40-та жүзеге асырды.

1988 жылы әйгілі автомобиль компаниясының негізін қалаушы қайтыс болды. Ол тамаша мансап құрып, арманын орындай алды.