Әлемнің ең бай адамы атанған Джефф Безос алып компанияны қалай құрды?
📌 Джефф Безос — америкалық кәсіпкер, Amazon.com интернет-компаниясы мен Blue Origin аэроғарыш компаниясының негізін қалаушы.
Сонымен қатар The Washington Post баспасының иесі. 2018 жылы Forbes бойынша ең бай адам болды. Нақтырақ айтсақ, бірінші орынды 135,6 миллиард доллар табыспен иеленді.
📕 Джефф мектепте үздік оқушы болды. Оның инженер және физика саласына қызығушылығы ерекше болды. Джефф Принстон университетін 1986 жылы электротехника және информатика мамандығы бойынша бітіреді. 1994 жылдың басына дейін Уолл-стритте түрлі лауазымда жұмыс істейді. Кейін D. E. Shaw & Co компаниясының вице-президенті қызметін атқарды. Бұл лауазымды 1994 жылдың жазында босатты. 1995 жылы шілде айында Джефф Безос 300 мың доллар көлемінде инвестицияларды алып, Amazon.com сайтын іске қосты.
📎Бірнеше жылдан соң Джефф бизнес-мүдделерін кеңейтіп, Blue Origin аэроғарыштық компаниясын құрды. 1992 жылы Безос Нью-Йорк қаласындағы Манхэттендегі D. E. Shaw компаниясында ғылыми қызметкер болған Маккензи Таттлді кездестірді. Жұп бір жылдан кейін үйленіп, төрт баланы тәрбиеледі. 2019 жылдың 9 қаңтарында Джефф Безос әйелімен 25 жыл некеден кейін ажырасуға шешім қабылдайды.
💸 Әлемдегі алып компания Amazon өз жұмысын қалай бастады?
1993 жылдың соңында Безос онлайн-кітап дүкенін бастау туралы шешім қабылдайды. Осылайша 1994 жылы Amazon-ды бастапқыда кітап саудалайтын ғаламтор дүкені ретінде ашқан. Оның барлық жұмысы сол баяғы қағида бойынша гараждан басталған. Алғашында Безос жаңа компаниясын Cadabra деп атады, бірақ кейінірек Оңтүстік Американың Амазон өзеніне арнап, Amazon атауына өзгертеді. Себебі оның аты әліпбидің басында тұрған А әрпінен басталады. Ол ата-анасынан шамамен 300 000 АҚШ доллар алып, Amazon-ға инвестиция салады. Амазон бастапқыда онлайн-кітап дүкені болғанымен, Безос әрқашан басқа өнімдерді де қосып, дүкенін кеңейтуді жоспарлаған. Безос Amazon негізін қалағаннан үш жыл өткен соң, компанияның акцияларын IPO-ға шығарды.