Ұлы Отан соғысы туралы ТОП-3 фильм

Автор: редактор 09 Мамыр, 2024


Ұлы Отан соғысы туралы ТОП-3 фильм

✔️ Бүгін Ұлы Жеңіске 79 жыл толды. Осы тұста #Үйдежатпа ұжымы назарларыңызңа өткен тарихқа көз жүгіртуге мүмкіндік беретін фильмдер тізімін ұсынуды жөн көрді.

1️⃣ Мәншүк туралы дастан

“Мәншүк туралы дастан” — толық метражды көркем фильм. 1969 жылы Қазақфильм студиясы шығарған.

📌 Туынды Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ерлігіне негізделген.

Фильмде неміс танкаларымен тең емес шайқасын қабылдаған Мәншүк пен оның жолдастарының соғыстағы бір күні көрсетілген. Осы шайқаста ержүрек Мәншүк қаза табады. Бұл фильмді қырғыз режисері Болотбек Шәмшиев 1985 жылы түсірген.

2️⃣ “Қасым”

“Қасым” төрт бөлімнен тұратын көркемфильм. Аты айтып тұрғандай бұл кинотунды Екінші дүниежүзілік соғыста Украин ормандарын кешіп есімі аңызға айналған батырымыз Қасым Қайсеновтың өшпес даңқын әйгілеген  фильм. Қарулас достарының ортасында “Черный Вася” атанған Қасым Қайсенов  соғыстан кейін қолына қалам алып естеліктер, очерктер, әңгімелер мен повесттер жазды. Ол  “Жас партизандар”,  “Илько Витряк”, “Переяслав партизан­дары”, “Ажал аузынан”, “Жау тылындағы бала”, “Днепрде”, “Жау тылында”, “Партизан соқпақтары” сияқты шығармалардың авторы.

▪️Сюжетте майдан шебіне барлаушы Қайсенов диверсанттар тобын басқарып барады. Бірақ оның барлық сарбаздары сатқындықтың кесірінен фашистердің қолынан опат болады. Жау шебінде жалғыз қалған Қасым өзіне берілген тапсырманы орындап, жаудың қару-жарақ қоймасын жоюы керек. Соғыс уақытындағы сатқындық пен күдікке, қорқынышқа қарамай жергілікті халық Қасымға көмекке келеді.

3️⃣ «Анаға апарар жол»

“Анаға апарар жол” картинасының негізгі сюжеті ана махаббатының қуатты күшінен бастау алады. Осынау құдіретті күштің арқасында кейіпкер үйіне барар жолда кездескен ауыр қинышылықтарды жеңіп шығады.

📌Оқиғаның негізгі желісі қазақ халықының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар. Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді. Фильм өмірлік құндылықтардың мәні мен тіршіліктегі құбылыстарға өзгеше көзқараспен қарауға жол сілтейді.