Ұлыбританияда ағылшын тілін үйренудің 5 артықшылығы 

Автор: редактор 07 Шілде, 2022


​​💭Ұлыбританияда ағылшын тілін үйрену – ең ұтымды таңдаулардың бірі. Себебі мұнда ағылшын тілінде сөйлейтін басқа елдерге қарағанда тілдік мектептер әрі олардың әрқайсы үшін бағдарламалар көп. Курстардың ұзақтығы 1 аптадан бір жылға дейінгі аралықты қамтиды.

🖇Ұлыбританияда ағылшын тілі курстарының артықшылықтары
️ ️
◾️Қалалар мен мектептерге арналған үлкен таңдау бар. Ұлыбританияда басқа елдерге қарағанда ағылшын тілі курстары көп. Мәселен, 87 қаласында 360-қа жуық тілдік мектеп бар. Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, АҚШ-та-310, Канадада-225 мектеп орналасқан.

◾️Әртүрлі курстар. Мектептерде тіл үйренудің кез келген мақсатына арналған курстарды таба аласыз. Нақтырақ айтсақ, стандартты, іскерлік ағылшын тілі, кәсіби мамандарға арналған ағылшын тілі, халықаралық емтихандарға дайындық, жасөспірімдерге арналған жазғы курстар және т.б.

◾️ Сабақтың басталу уақыты. Көптеген тіл мектептері апта сайын стандартты курстарға жаңа студенттерді қабылдайды. Осының арқасында сіз кез келген уақытта оқуды бастай аласыз.

◾️ Жұмыс. Егер 11 аптадан асатын курсты сатып алсаңыз, студенттік виза рәсімдеуіңіз керек. Бұл сізге аптасына 20 сағат, ал демалыста 40 сағат жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
️ ️
◾️ЖОО-на дайындық бағдарламалары.
Егер университетке түсу үшін ағылшын тілі керек болса, мұнда сіз қабылдауға дайындалатын бірнеше бағдарламаларды таба аласыз. Атап айтатын болсақ, Foundation, A-level, Pre-Masters және International Year One.