Мұхтар Әуезов: Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды

Автор: редактор 12 июня, 2023


Мұхтар Әуезов: Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

📌 Мұхтар Әуезов — қазақ совет жазушысы, қоғам қайраткері, әдебиет және филологиясы саласындағы ғалым, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі, филология ғылымдарының докторы мен профессоры.

📍Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таныды.

Әуезов 20жылдардың өзінде проза мен драматургияда келелі туындылар беріп, қазақ әдебиетінің классигіне айналды. Отызыншы жылдары бір топ әңгіме («Қасеннің құбылыстары», «Іздер», «Шатқалаң», «Құм мен Асқар», «Бүркітші»), пьесалар («Айман–Шолпан», «Тас түлек», «Шекарада», «Түнгі сарын») жазады.

✔️Ендеше бүгін Мұхтар Әуезовтің ең танымал нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.
Өз топшылауым бойынша, адамның қай мінезі қасиетті болса, сол мінезі міні де болады.

▪️Төзім тамаша сипат. Бірақ шексіз ұзақ төзуге өмір тым қысқа ғой.

▪️Халық деген бейшара ғой, сойыл соғысқанда бiрге соғысады, үлеске келгенде құм асайды.

▪️Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

▪️Жаза баспас қадам жоқ, жаңылмайтын адам жоқ.

▪️Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас.

▪️Не аңсағанда аларсың, не қақсағанда аларсың.

▪️Тумай жатып толдым деме, толмай жатып болдым деме.

▪️Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?!

▪️Әзілде кек, өсекте шек жоқ.

▪️Қызғаныш — құрт ауру. Ол мыс қазандай қайнайтын азап оты.

▪️Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі — ғылым.

▪️Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.