Медитацияны дұрыс жасаудың ТОП-5 жолы

Автор: редактор 13 мая, 2024


Медитацияны дұрыс жасаудың ТОП-5 жолы

Бүгінгі жазбада медитацияның жасалу жолымен бөлісеміз.

🟢 Медитацияны күніне екі рет 20-30 минут жасауды әдетке айналдырған жөн. Себебі адам бір күнде түрлі эмоцияны бастан өткереді. Ал рухани жаттығуды жасау арқылы артық ойдан арылып, денені босаңсытуға үлкен мүмкіндік аласың.

Медитацияға ыңғайлы орынды қалай таңдаймыз? ✔️

◽️ Медитацияның басты қағидасы — тыныш жерді таңдау. Мұнда адамдар мазаңды алып, кедергі келтірмеуі тиіс. Бұл рухани жаттығуды таза ауада немесе үй жағдайында жасауыңа болады. Алайда жатын бөлмені таңдауға кеңес бермейміз. Өйткені миың ойланудың орнына, ұйықтап кетуі мүмкін.

Денені қалай ұстаймыз?✔️

◽️Ең бастысы арқаң тік, отырысың ыңғайлы болуы керек. Егер бүкірейіп отырсаң, дұрыс тыныс ала алмайсың. Сол себепті дұрыс дем алып, дем шығаруың үшін мүсініңді түзулеп ал. Кей адамдар жатып жасауды жөн көреді. Бірақ бұл жағдайда медитация өнімділігі төмен болады. Себебі ұйықтап қалуың мүмкін.

Процесс қалай жүреді? ✔️

◽️ Ыңғайланып отырған соң, денені бос ұстап, дем ал. Көзіңді жұм. Осы сәтте жақсы ойларды көз алдыңа елестет. Нақтырақ айтсақ, аффирмация жаса. Өзіңді қандай адам ретінде көргің келетініңді ойла. Сонымен қатар өзіңді жақсы көретініңді және бағалайтыныңды айт. Өміріңнің түрлі саласы бойынша жағымды ойлармен жұмыс істеуіңе болады. Мәселен, денсаулық, оқу, сабақ, ата-анаңмен және достарыңмен қарым-қатынас, тұлғалық дамуың бойынша аффирмацияларды 20 минут бойы қайталай бер. Медитация барысында ойыңның басқа жаққа ауып кеткенін байқасаң, қайтадан позитивті ойға орал. Себебі түрлі эмоцияны бастан өткеру қалыпты жағдай. Бастысы ашуға берілме. Негативті ойларға тойтарыс беріп отыруға тырыс. Жағымсыз сезім ойға оралса, бірден жақсы оймен алмастыр.

◽️Медитацияның көмегімен ашу-ызаны басқаруды үйренесің. Кез келген жағдайға байланысты туындаған мәселеге қатысты санаңда қандай сезім пайда болғанын байқай бастайсың. Осылайша тез шешім қабылдап үйренесің.

Медитация кезінде не істеу керек?✔️

▪️Мұрын арқылы тереңірек тыныс алып, ауыздан демді шығарамыз. Осы сәтте өкпенің ауамен толық қамтамасыз етіліп жатқанын назарға ал.

▪️Демді қалыпқа келтіріп алған соң, көз алдыңа әдемі әрі тыныш жерде отырғаныңды елестет. Аталмыш жер жанға жайлы болуы қажет. Бәлкім, бұл теңіз жағалауы, тау бөктері немесе өз үйің болуы мүмкін.