Медитацияның пайдасы және оны дұрыс жасаудың тиімді 5 жолы

Автор: редактор 27 января, 2025


Медитацияның пайдасы және оны дұрыс жасаудың тиімді 5 жолы

🧘🏻‍♂️🧘🏻‍♀️ Медитация – бұл сананы тыныштандырып, ішкі тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін рухани және психологиялық тәжірибе. Оның маңыздылығы мен пайдасы келесі бағыттарда көрініс табады:

🟢 Күйзелісті жойып, мазасыздықты азайтады.
🟢 Өзіңізге деген сенім артып, өмірге құштар жандардың қатарынан боласыз.
🟢 Ішкі жан дүниеңізбен тереңірек сырласып, өзіңізді толық тануға мүмкіндік береді.
🟢 Зейініңіз артып, есте сақтау қабілетіңіз жақсарады.
🟢 Ерік-жігеріңіз нығайып, эмоцияңызды басқаруды үйренесіз.
🟢 Артық тамақтануды бақылауға көмектеседі.
🟢 Жаныңызға жайлылық сыйлап, ұйқыңызды қалыпқа келтіреді.

📌 Медитацияны қалай жасау керек?

Медитацияны күніне екі рет 20-30 минут жасауды әдетке айналдырған жөн. Себебі күн ішінде адам түрлі эмоцияны бастан өткереді. Ал рухани жаттығу артық ойлардан арылып, денені босаңсытуға үлкен мүмкіндік береді.

Медитацияға арналған орынды таңдау

✔️ Медитацияның басты қағидасы – тыныштық. Сізге ешкім кедергі келтірмейтін жерді таңдаңыз. Бұл таза ауада немесе үй жағдайында болуы мүмкін. Алайда жатын бөлмеде жасауға кеңес бермейміз, өйткені ми медитацияны емес, ұйқыны ойлауы мүмкін.

Денеңізді қалай дұрыс ұстау керек?

✔️ Ең бастысы – арқаңызды тік ұстау. Отырысыңыз ыңғайлы болуы керек. Егер бүкірейіп отырсаңыз, дұрыс тыныс ала алмайсыз. Тыныс алуыңыз үшін дене мүсініңізді түзеңіз. Кей адамдар жатып жасауды жөн көреді, бірақ бұл жағдайда ұйықтап қалу ықтималдығы жоғары болғандықтан, медитация өнімділігі төмендеуі мүмкін.

Процесс қалай жүреді?

✔️ Ыңғайлы отырысқа жайғасқан соң, денеңізді босаңсытыңыз. Терең тыныс алып, көзіңізді жұмып, жақсы ойларды елестетіңіз. Осы сәтте:
• Өзіңізді қандай адам ретінде көргіңіз келетінін ойлаңыз.
• Ішіңізден өзіңізді жақсы көретініңізді және бағалайтыныңызды қайталаңыз.
• Өміріңіздің түрлі саласына қатысты жағымды аффирмацияларды айтыңыз: денсаулық, оқу, отбасы, қарым-қатынас, тұлғалық даму.

Егер ойыңыз басқа жаққа ауып кетсе, оны бақылап, қайтадан позитивті ойға оралыңыз. Бұл – қалыпты жағдай. Бастысы – ашуға немесе негативке бой алдырмау. Жағымсыз ойлар пайда болса, оларды бірден жақсы ойлармен алмастыруға тырысыңыз.

Медитация кезінде не істеу керек?

✔️ Мұрын арқылы терең тыныс алып, ауыз арқылы демді шығарыңыз. Осы сәтте өкпенің толық ауамен толғанын сезінесіз.
✔️ Дем алуды реттеп алған соң, көзіңізге тыныш әрі әдемі жерді елестетіңіз. Бұл теңіз жағалауы, тау бөктері немесе өзіңізге жайлы үйдің бұрышы болуы мүмкін.

Медитацияның нәтижесі

Медитация сізге ашу-ызаны басқаруға, ішкі сезімдеріңізді түсінуге және кез келген жағдайға сабырмен қарауға үйретеді. Бұл тәжірибе арқылы ой-санаңызды жинақтап, өмірдің түрлі мәселесін жылдам әрі тиімді шешуді меңгересіз.

Медитацияны күнделікті әдетке айналдырып, рухани дамуға уақыт бөліңіз – нәтижесі сізді қуантатыны сөзсіз!