Мел Роббинстен кеңес: “5 секунд” ережесімен кез келген істі қалай бастап кетуге болады?

Автор: редактор 28 Наурыз, 2024


Мел Роббинстен кеңес: “5 секунд” ережесімен кез келген істі қалай бастап кетуге болады?

📌 Белгілі америкалық медиатұлға әрі бизнесвумен Мел Роббинс өзінің және миллиондаған адамның өмірін өзгерткен “5 секунд” ережесін ойлап тапты. Аталмыш әдіс өте қарапайым әрі тез нәтижеге жеткізеді. Нақтырақ айтсақ, кез келген істі бастау үшін 1-ден 5-ке дейін санап, іске кірісе аласыз. Мұның жолы қандай? Бүгін осы жөнінде пайдалы кеңестерді ұсынамыз.

🗣️Мелдің айтуынша, егер сіз бес секунд ішінде әрекет етуді бастап кетсеңіз, миыңыз кідіріс жасап үлгермейді. Бұл ереже адамның нақты шешім қабылдауына көмектеседі.

📍Шешім қабылдау дегеніміз:

• өз қорқыныштарыңыз бен күмәнді ойларыңызға қарамастан қадам жасай білу;
• жайлылық аймағынан шығу;
• идеяларыңызбен бөлісу және көзқарасыңызды білдіру;
• құндылықтар мен сенімді қалыптастыру;
• тіпті қиын күннің өзінде төсектен тұруға шабыт.

🟢 “Бес секунд ережесі” дегеніміз не?

Адамдар өмірін өзгерткісі келгенімен, көп жағдайда әрекетсіз қалып жатады. Яғни, мидағы түрлі ой мүмкіндікті шектеп тастайды. Осылайша алға жылжу қиын әрі қауіпті болып көрінеді.

Ғалымдардың пайымдауынша, бір қадам алға басудың қиынға соғуы “әдеттерімізге” байланысты. Біз бір істі жиі жасағандықтан, ми сол әрекетке үйреніп кетеді. Мел Роббинс те осы мәсәлемен бетпе бет келді. Ол күнін ерте бастап, көп нәрсеге үлгеру үшін төсектен ерте тұруға тырысады. Десе де оны жүзеге асыру қиынға соғады. Бір күні ол теледидардан бір жарнамаға көз шалады. Мұнда зымыран ұшуға дайындалып, санақ бестен кері қарай жүреді. Бұл жарнама Мелдің өмірін түбегейлі өзгертуге себепші болады. Мәселен, таңертең жылы төсектен тұрғысы келмегенде өзін зымырандай сезініп, іштей 5-4-3-2-1 деп санап көруге бел буады. Бұл бір қарағанда күлкілі идея болып көрінуі мүмкін. Бірақ нәтижелі әдістердің бірі болады.

✔️ Біз бастан кешіретін күмәндар, қорқыныштар және жағымсыз эмоциялар – жай ғана әдеттер. Ал №5 ережесінің кері санағы осы үлгіні өзгертуге көмектеседі. Психологияда мұны “бастау кезеңі” деп атайды. Ережені қаншалықты жиі орындасаңыз, миыңыз соғұрлым тезірек үйреніседі. Жаңа шешім – жаңа өмірдің жаршысы.

Бұл әдісті кез келген салада қолдануға болады. Аризона университетінің Корнелл және Дюк мектептерімен бірлесіп жасаған жаңа зерттеуі ми мен әрекет ету инстинкті арасында күшті байланыс бар екенін дәлелдеді. Сіз мақсат қойған кезде, миыңыз оны істер тізіміне жазып алады.

Сол себепті:

– қандай да бір істі бастай алмай жүрсіз бе? 5 секунд ішінде орныңыздан тұрып, әрекет етуді бастап кетіңіз.
– Оятарды сағат 6:00-ге қойдыңыз ба? Қоңырау шырылдағанда бірден орныңыздан тұруға тырысыңыз.
– Қандай да бір адамға хабарласуға жүрексінесіз бе? Телефонды алыңыз да нөмірін теріңіз;
– Денсаулығыңызға қамқорлық жасаймын деп көптен ойлап жүрсіз бе? Бірден тексеріске жол тартыңыз.

Бұл кеңестер шағын әрі үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі. Бастысы әрекет етуден қорықпаңыз. Табысқа жету үшін бірінші қадам жасаудан маңызды ештеңе жоқ екенін жадыңызда ұстаңыз. Ішпыстырарлық өміріңіздің нүктесін қоятын – тек өзіңіз.