Мемлекеттен 1,5 млн теңге грантты қалай алуға болады?

Автор: редактор 04 июля, 2024


Мемлекеттен 1,5 млн теңге грантты қалай алуға болады?

💸 2024 жылы 15 шілдеде бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға екінші ағын бойынша өтінімдерді қабылдау басталады.

Грант мөлшері – 400 АЕК (1 476 800 теңге).

Бастапқы капитал өз ісін бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі.

Қарағанды облысы әкімдігі хабарлағандай, екінші ағынға өтінімдерді қабылдау 15-26 шілде аралығында өтеді.

📃 Өтініш беру үшін сізге:

* порталда тіркелу;
* грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;
* бизнес-жоспар шаблонын жүктеп алу, оны толтыру және порталға жүктеу;
* өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Интернетке немесе компьютерге қол жетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады.

📍Бизнес грантына кім ие бола алады:

* тіркелген жұмыссыздар;
* жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).

📌 Бұл ретте үміткер әлеуметтік санаттардың біріне жатуға тиіс:

* мүгедектігі бар адамдар;
* «қандас» мәртебесі бар тұлғалар;
* өңіраралық қоныс аударушылар;
* аз қамтылған отбасы мүшелері;
* көп балалы отбасының мүшесі (жұбайы/зайыбы);
* мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
* асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар.

🟢 3 жылдан аспайтын мерзіммен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың болуы міндетті.

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!👍