Мэрилин Монро: Мансап – керемет нәрсе, бірақ ол салқын түнде ешкімді жылыта алмайды

Автор: редактор 05 Маусым, 2023


Мэрилин Монро: Мансап – керемет нәрсе, бірақ ол салқын түнде ешкімді жылыта алмайды

💐 Мэрилин Монро XX ғасырдың ең тартымды әрі қылықты әйелдерінің бірі. Ол жай ғана актриса, әнші әрі модель емес, сонымен қатар өз дәуірінің сұлулық символы бола білген жан. Оның өмір, махаббат және бақытты болу туралы айтып кеткен ойлары әлі күнге дейін ел аузында. Ендеше назарлараңызға Мэрилин Монроның ең танымал дәйексөздерін ұсынамыз.

1️⃣ Кез келген қыз ешқашан өзін қажет етпейтін жандарға мұқтаж емес екенін ұмытпауы керек.

2️⃣ Әйелдерде екі қару бар: тушь және көз жасы. Бірақ біз екеуін бір уақытта пайдалана алмаймыз.

3️⃣ Мансап – керемет нәрсе, бірақ ол салқын түнде ешкімді жылыта алмайды.

4️⃣ Біреумен бақытсыз болғаннан гөрі жалғыз жүрген артық.

5️⃣ Кетемін деп шешім қабылдаған жеріңізге ешқашан оралмаңыз. Олар сізден қанша сұраса да және өзіңіз қаншалықты қаласаңыз да. Бір тауды бағындырғаннан кейін, екіншісіне белесті бағындыруға ұмтылуыңыз керек.

6️⃣ Кішкентай кезімде әдемі екенімді маған ешкім айтқан емес. Бір түсінгенім, кішкентай қыздардың барлығына әдемі болмаса да, әдемі екенін айтып отыру қажет.

7️⃣ Иіс суды сүймейтін әйелдер жоқ. Тек өз иісін таппаған әйелдер бар …
Мен сенген адамды ешқашан тастаған емеспін.

8️⃣ Кешігу дегеніміз – сізді расымен күткеніне көз жеткізу. Тек сізді, басқа ешкімді емес. Сіз таптырмайтын адам екеніңізді біліңіз.

9️⃣ Бақыт ақшада емес, саудада.

🔟 Уайымдамаңыз, бірақ уайымдатыңыз.

1️⃣1️⃣ Шынымды айтсам, маған тек жақсылығымды көретін адам қажет емес. Маған бойымдағы жамандығымды көрсе де, бірге болғысы келетін адам керек.

1️⃣2️⃣ Маған «сен ақымақсың» деген адамға ренжімеймін. Себебі олай емес екенін жақсы білемін.

1️⃣3️⃣ Ит мені ешқашан қапқан емес. Қапқан тек адамдар.