Миллиардтаған адамның көмекшісіне айналған Google компаниясы туралы не белгілі?
📌 Әлемге әйгілі іздеу компаниясының бірі – Google. Танымалдығы бойынша бірінші орында тұр. Деректерге сүйенсек, айына 41 млрд 345 млн сұраныс қабылдайды әрі ақпараттарды 191 тілде іздеу мүмкіндігіне ие.
🟢 Компания жұмысын қалай бастады?
Әйгілі Гугл жобасының авторлары: Стенфорд университетінің студенттері Ларри Пейджа мен Сергей Брин.
Олар 1996 жылы BackRub іздеу жүйесімен жұмыс істеп, 1998 жылы Google-дың негізін салады. Алғаш рет Google жеке-меншік корпорация ретінде 1998 жылы 4 қыркүйекте құрылады, Ларри Пейдж, Сергей Брин және Эрик Шмидт Google-да 2014 жылға дейін бірлесіп жұмыс істеуге келіседі. Компанияның көздеген мақсаты “әлемдік ақпаратты жинап, халық тұтынуына мол мүмкіндік беру.
Google инженері Амит Патель ойлап тапқан компанияның бейресми ұраны –»Don’t be evil» (Қатыгез болма!)”. 2006 жылы компания қазіргі Штаб-пәтері орналасқан Калифорния штаты, Маунтин-Вьюға көшеді. Google.com домені 1997 жылы 15 қыркүйекте тіркеледі, іздеу жүйесі (2000 жылдан бастап) туған күнін 7 де және 27 қыркүйекте де атап өтеді.
Корпорация мысықтарға қарағанда, итті, күшікті қатты жақсы көреді. Ең қызықтысы – олардың жарғысында өздерін “ит компаниясы” деп атаған жолдар кездеседі.
2013 жылдың 19-тамызында компания өз жұмысын 5 минутқа тоқтату арқылы әлемдегі жалпы веб-жұмыстардың 40 пайызын істен шығарған.
🟢 Google сөзінің мағынасы қандай?
Google сөзі — онның жүз дәрежесі дегенді білдіреді. Артынан бұл сөздің «googol»деп жазылатыны анықталды. Дегенмен Google сөзі қолданысқа еніп кеткеннен кейін, әйгілі компания «Google» атымен аталды.
🟢 Логотипі туралы не білеміз?
Google Doodle Google логотипі мейрамдарда немесе танымал тұлғалардың туған күндерінде өзгеріп отырады. (әр аймақтық домендер өз мейрамдарына, белгілі бір атаулы күндерге байланысты өзгеріп отырады) Мысалы, Наполеон Орданың туған күнінде 2010 жылы 11 ақпанда Google-дың белорусь домені логотипінде атақты суретшінің акварельдері шығады.
✔️ Сондай-ақ 2011 жылы 22 наурызда Қазақстандағы Google домені логотипінде 22 наурыз қазақтың төл мерекесіне байланысты көктемнің суреті шығады. Ал сол жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жылдығына арналған жаңа логотипі шықты.