Найза қап, қанар: Көшпелі қазақ азық-түлік мөлшерін қалай өлшеді?

Автор: редактор 20 Желтоқсан, 2023


Найза қап, қанар: Көшпелі қазақ азық-түлік мөлшерін қалай өлшеді?

⏳ Қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктері мен кәсіптік қажеттілігіне байланысты байырғы қазақ өлшем бірліктері қалыптасты. Нақтырақ айтсақ, халықтық өлшем жүйесіне ұзындық, қашықтық, аумақ, көлем, салмақ, уақыт, мезгіл өлшем түрі кіреді. Мәселен, «бір қыдыру жер», «түстік жер», «айшылық жол» деген сөз тіркестері қашықтықты білдіреді.

⚖️ Тағы бір мысалға сүйенсек. Шығыс халықтарының көбі ең кіші салмақ өлшеміне арпа дәні алынған деп баға береді. Кейбір жазба әдебиеттерде “арпа дәні” ұғымы алтын мен асыл тастардың салмағын теңеуге арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған. Яғни, бір арпа дәні шамамен 45 мг болған. Басқа жерде осы арпа дәні ұзындық өлшемі ретінде де пайдаланылған. Ал арпаның алты дәнінің еніне тең өлшем бармақ деп аталған.

⚖️ Сондай-ақ халық арасында сұйықтықты болжауға арналған өлшем бірліктері де болған. Қымыз, шұбат сақтайтын көнек, жанторсық, торсық, мес, саба тәрізді мал терісінен жасалған ыдыстар сол сұйықтықтың мөлшерін шамалауға жиі қолданылған. Мысалы, торсыққа жеті – сегіз аяқ (литр) қымыз сыйса, местің сыйымдылығы екі жарым – үш торсыққа тең.

🟢 Салмақ өлшемдері

🔺Қадақ – 200 грамм, ал кейбір деректер 🔺бойынша 400 грамм;
🔺Бір шелек (сүт, су) – 10 литр;
🔺Бір торсық (айран) – 6-7 литр;
🔺Бір саба (қымыз) – 10-15 литр;
🔺Бір қап (ұн, қант) – 50-60 кг;
🔺Бір арқа (жүк) – 45-50 кг;
🔺Найза қап, қанар – 70-80 кг;
🔺Пұт – 16 кг;
🔺Бір құлақ су – 3-4 текше метр;

🟢 Азық-түлікке қатысты өлшемдер

🔻Бір асым (ет) – 4-5 кг;
🔻Бір табақ (ет) – 4-6 кг;
🔻Бір ожау (сүт, су) – 300-400 гр;
🔻Бір қарын (май) – 10-15 кг;
🔻Бір қазан – 20-22 кг;
🔻Бір жұтым (сүт, су) – 50-60 гр.