Онлайн бизнеске арналған маңызды 3 идея💸

Автор: редактор 03 сентября, 2024


Онлайн бизнеске арналған маңызды 3 идея💸

👩‍💻Бүгінде әлем бойынша әлеуметтік желіні пайдаланушылар 4,54 миллиард адам. Бұл 2019 жылға қарағанда 7%-ға өскен. Егер жер бетінде 8 миллиард адам болса, соның 56.5 %-ы интернетке тәуелді екенін көрсетеді.

🤳🏻Ал ұялы
телефонды 5,19 миллиардтан астам адам қолданады екен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 124 миллион адамға артық.

🕰Ал адамдар әлеуметтік желіге орта есеппен 6 сағат 43 минутын арнайды. Аталған көрсеткішке күнделікті өмірде мән бермей жатанымыз бар.

📝Қазіргі таңда әлеуметтік желіні адамдар екі бағытта пайдаланады. Бірі тек ермек үшін пайдаланса, бірі оны ақша көзіне айналдырып отыр. Иә, XXI ғасыр онлайн бизнестің шарықтап тұрған сәті.

📝Дегенмен әр кезеңнің өз бизнесі болады. Ендеше қазіргі нарық қандай бизнес-идеяларды туғызып отыр?

📌Инфобизнес.

Мұндағы негізгі өнім – ақпарат және білім. Қазіргі кезде үлкен танымалдылыққа ие салалардың бірі. Бұл бизнесте миллиондар табуға мүмкіндік бар. Мысалы, түрлі білім беру орталықтары, электронды кітаптар желісі, үлкен компаниялар осы бағытта жұмыс істейді.

📌Копирайтинг

Копирайтер – мәтінді көркемдеп, жүйелеп жазатын адам. Копирайтер болу үшін сөз саптауыңыз бен ойыңыз жүйелі болғаны дұрыс. Бұл сала өкілдерінің блогерлерден айырмашылығы олар тапсырыс бойынша мәтін жазады. Егер идеяңыз мықты болып, жарнаманы жақсы жасай алсаңыз осы салада бақ сынап көрсеңіз болады.

📌Маркетинг.

Маркетинг – ағылшын тілінен аударғанда базар, өткізу, сауда деген мағынаны білдіреді. Маркетинг нарық дамуының қазіргі жағдайы мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады. Сонымен қатар табыс алу мақсатымен нарықта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталған сала. Егер ойыңызды қысқа әрі нақты жеткізе алсаңыз, адамдармен тез тіл табыса алсаңыз, сапалы сурет таңдай алсаңыз және жарнама мәтіндерін жаза алсаңыз жұмыс істеп көруіңізге болады.

💁‍♀️Ал сіз қай бағытта жұмыс істейсіз? Өз тәжірибеңізбен, пікіріңізбен бөлісе отырыңыз.