Пәтер алуға арналған ТОП-3 ипотека
1️⃣ «Өз үйім» ипотекалық бағдарламасы
* несие мөлшерлемесі – 3.5%-дан 7%-ға дейін;
* жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 3,6%-дан бастап;
* бастапқы жарна – үй құнының 20%-нан бастап;
* қарыз сомасы – 100 миллион теңгеге дейін;
* қарыз беру мерзімі – 25 жылға дейін.
“Өз үйім” – бұл жаңа салынған үйден пәтерді нарық құнынан төмен бағада беруге бағытталған Отбасы банкінің жеке бағдарламасы. Бағалар нарықтағы үй құнынан төмен. Құрылыс барысында-ақ үлестік қатысу арқылы үй сатып алуға болады, ол үшін үлестік қатысу туралы келісімшарт, сондай-ақ құрылыс компаниясы мен өкілетті ұйымда «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ кепілдігі болуы талап етіледі.
Салымшының атында басқа үйдің бар-жоқтығы және қанша үй сатып алайын деп жатқаны маңызды емес. Салынып жатқан нысаннан пәтер таңдау мүмкіндігі қарастырылған. Бағдарлама қатысушылары салық жеңілдігін ала алады. Үй сатып алынатын жерде тіркеуде тұру міндетті емес.
2️⃣ “5-10-20” ипотекалық бағдарлама
* несие мөлшерлемесі – 5%-ға дейін;
* жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 5,2%-дан бастап;
* бастапқы жарна – үй құнының 10%-нан бастап;
* қарыз беру мерзімі – 20 жылға дейін.
✔️ Бағдарлама талаптары:
үй алғысы келетін адамның атында баспанасы болмауы шарт;
«5-10-20» бағдарламасымен баспаналы болғысы келетін азаматтардың тұрғын үй кезегінде тұруы міндетті. Қазіргі таңда Қазақстанда үй кезегінде 540 мың адам тұр. Басымдық мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер және бюджеттік сала мамандарына беріледі. Қазір кезекте осындай 212 мың қызметкер тұр. Сонымен қатар, кезекте тұрған толық емес, көпбалалы отбасылар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар да осы бағдарламаға қатыса алады;
табыс көзі отбасындағы жан басына шаққанда 3,1 күнкөріс деңгейінен аспауы қажет (2020 жылы бұл көрсеткіш 96 667 теңгеге тең);
📌 Жеке құрылыс салушылар ұсынған жаңа үйлердің ең жоғары займ сомасы Қазақстанның әр аймағына байланысты өзгеріп отырады. Мәселен:
Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін 18 млн теңгеден;
Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент үшін 15 млн теңгеден;
басқа аймақтар үшін 12 млн теңгеден аспайды.
3️⃣ «Ұмай» әйелдер ипотекасы
* несие мөлшерлемесі – несие сомасының 50% жинақталғаннан кейін 3,5% дейін
* жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 14,4 %-дан бастап;
* бастапқы жарна – үй құнының 15-20%-нан бастап;
* қарыз сомасы – пәтердің бағалау құнының 85%-іне дейін;
* қарыз беру мерзімі – 10 жылға дейін.
📌 Отбасы банк Орталық Азиядағы тұңғыш гендерлік ипотеканы іске қосты. Ипотека табысы төмен әйелдерге беріледі. Отбасының ең жоғарғы табысы 640 мың теңгеге дейін болуы керек.
«Әйелдер ипотекасы» бағдарламасы арқылы қарыз рәсімдеу үшін әйелдерге ТҮҚЖБ шот ашып, бастапқы жарнасын толтыруы қажет. Оның көлемі кіріс деңгейіне байланысты:
* кіріс 200 мың теңгеден аз болса, бастапқы жарна 15 пайыз;
* 200 мың теңгеден көп болса, бастапқы жарна 20 пайыз болады.
* Берілетін несиенің шекті сомасы – 30 млн теңге.
Пәтерді жаңа салынған үйлерден немесе ескі үйлерден де сатып алуға болады. Меншігінде басқа жылжымайтын мүліктің бар-жоғы бойынша шектеу жоқ, екі қарыз алушыны қатыстыруға болады.