Роберт Кийосаки: Мектептер – жұмыс берушілерді емес, сенімді жұмысшыларды дайындайды

Автор: редактор 11 Желтоқсан, 2023


Роберт Кийосаки: Мектептер – жұмыс берушілерді емес, сенімді жұмысшыларды дайындайды

🖊️ Роберт Кийосаки – америкалық кәсіпкер, инвестор, өзін-өзі дамытуға арналған бірқатар кітаптың авторы, педагог, мотивациялық баяндамашы және Yahoo Finance қаржылық шолушысы. Сонымен қатар жеке қаржы және іскерлік білім ұсынатын Rich Dad білім беру компаниясының негізін қалаушы. Әрі Cashflow ойынының және ересектер мен балаларға қаржылық-бизнес тұжырымдамаларын үйретуге арналған онлайн ойындардың жасап шығарған. Ол “Жарлы әке, Кедей әке” аты кітабының арқасында танымал болды.

✔️ Кәсіпкердің жетістік жолы

Роберт Кийосаки мұғалімдер отбасысында дүниеге келген. Оның әкесі философиялық ғылымдар докторы және Гавайи штатының білім министрі болды. Кийосаки – Америкаға көшіп келген япондықтардың төртінші тұқымы. Орта мектепті бітірісімен, Роберт Нью-Йорк қаласында білімін жалғастырады. Содан кейін, америкалық теңіз жаяу әскерінің Корпусында және Вьетнамдағы АҚШ-тың теңіз әсекрінің қарулы күштерінің офицері әрі ұшқышы болып қызмет еткен.

📌 Әскери қызметтен келісімен, Кийосаки “Xerox” коорпорациясының сауда агенті болып, ал 1977 жылы өз іскерлік карьерасын бастап, алғашқы болып кожа мен нейлоннан жасалған шағын бұйымдар сататын компаниясын ашады. Бұйымдарының арасында серфингпен айналасатындарға арналған әмиян да болған.
1985 жылы, Кийосаки іскерлік мансабын тоқтатып, кітап жазуда көмектескен Шерон Л. Лечтермен бірге студенттерге бизнес пен инвестирование туралы білім беретін халықаралық “Rich Dad`s Organization” компаниясын құрады.

📌 47 жасында ол әлемдік бестселлорге айналған “Жарлы Әке Кедей Әке” атты кітапты жазады. Содан кейін “Ақша аысың ширегі” және “Жарлы Әкенің Инвестиция жөніндегі Басшылығы” атты кітаптары жарық көреді. Осы үш кітабы да “Уолл-стрит джорнал”, “BusinessWeek” және “Нью-Йорк таймс” секілді газеттердің алғашқы ең жақсы сатылымдағы кітаптрының қатарында болды. Алғашқы кітаптарында “тышқан жүгірісін” тоқтататын финанстық тәслдерді ұсынса, кейінгі басылымдарында бизнестің этикалық мәселелеріне көбірек көңіл бөледі.

Ендеше назарларыңызға мотивациялық баяндамашының нақыл сөздерін ұсынамыз.

✅ Тұрақты жұмыс сені бай қылмайтынын қанша рет еске салуым керек? Сондай-ақ бос уақытыңызда шұғылданатын іспен бай болатыныңызды қанша рет еске салуым керек?

✅ Бос уақытымда айналысқан іс-әрекетіме байланысты қазіргі таңда мен баймын.

✅ Қазіргі жағдайыңызды өзгерткіңіз келсе, ең алдымен ойыңызды өзгертіңіз.

✅ Ақша үшін жұмыс істеген адам – оның құлы болады. Еске саламын, ақша үшін жұмыс істемеңіз. Керісінше ақша сізге қызмет етсін.

✅ Өмірде бұрын-соңды болмаған нәрсеге қол жеткізу үшін, бұрын жасамаған нәрсені жасаңыз.

✅ Егер спорттық жаттығулар дұрыс орындалса, адамның денсаулығына әсерін тигізеді. Ал ақыл-ой жаттығулары – адамның бай болуына көмектеседі. Есіңізде болсын, жалқаулық адамды денсаулықтан да, байлықтан да айырады.

✅ “Ертең” деген сөзді жиі қолданатындар – әдетте, кедей, бақытсыз, денсаулығы нашар болып келеді.

✅ Бастыққа немесе ірі компанияға жұмыс істеу ақша мәселесін шешпейді.

✅ Қазіргі күннің ең басты қатері — әрекетсіздік.

✅ Мектептер – жұмыс берушілерді емес, сенімді жұмысшыларды дайындайды.

✅ Сәби бір рет құламай жатып, жүруді үйрене алмайды. Себебі біз жүруді құлай-құлай үйренеміз. Бизнестің жолы да дәл солай. Неліктен қоғамның көп бөлігі ауқатты адамдардан тұрмайды? Өйткені олар жеңілуден қорқады. Ал жеңіс тұғырынан көрінгендер жеңілістің дәмін де татқандар. Сәтсіздік ол жетістікке жетудің бір бөлігі. Сәтсіздіктен қорқатын адамдар – жетістікке де жете алмайды.