Роберт Оппенгеймер: Мен өмір бойы қателіктен қорқып, өмір сүргім келмейді

Автор: редактор 21 Тамыз, 2023


Роберт Оппенгеймер: Мен өмір бойы қателіктен қорқып, өмір сүргім келмейді

🟢 Джулиус Роберт Оппенгеймер – американдық физик-теоретик, Берклидегі Калифорния университетінің физика профессоры, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ядролық қарудың алғашқы үлгілері әзірленген Манхэттен жобасының ғылыми жетекшісі ретінде кеңінен танымал; осыған байланысты Оппенгеймерді «атом бомбасының әкесі» деп атайды.

✔️Атом бомбасы алғаш рет 1945 жылы шілдеде Нью-Мексикода сынақтан өтті; Оппенгеймер осы кезде оның ойына Бхагавад Гитаның сөздері келгенін кейінірек есіне алды: «Мен – әлемдерді жоюшы өліммін».

Ендеше ғалымның ең маңызды нақыл сөздеріне тоқталып өтейік.

▪️Сіздің не істеп жатқаныңызды түсінетін санаулы адамдарды кері итермеңіз.

▪️Сіз біз өмір сүріп жатқан әлемнен алысқа қарайсыз. Ал мұның өз бағасы бар.

▪️Сіз тасты көтере аласыз. Бірақ оның астындағы жыланды көруге көп жағдайда дайын болмайсыз.

▪️Оптимист – кез келген нәрсені мүмкін болатын ең жақсы дүние деп санайды. Пессимист – бұл шындық па деп қорқады.

▪️Әлем ешқашан бұрынғыдай болмайды. Біреулер күлді, біреу жылады. Көбі үнсіз қалды.

▪️Ғалым өзіне техникалық жаңалық болып көрінетін дүниені көргенде, оны ұстап алып, жүзеге асырады. Содан соң жаңалық ашылған сәтте оның қандай жағалық болатынын ойлайды.

▪️Физиктерге салмақ түсіретін күнә – олар өз білімін жоғалта алмайды.

▪️Мен оңай адам емеспін. Бірақ Оппенгеймермен салыстырғанда – өте қарапайыммын.

▪️Қателерін түзеу үшін он жылын құрбан еткен адам – шынымен де адам!

▪️Оппенгеймердің проблемасы ол өзін жақсы көрмейтін әйелді жақсы көрді: АҚШ үкіметі.