Сүйікті ісіңізбен айналысу арқылы табысты қалай арттыруға болады? — 5 лайфхак
1️⃣ — қадам. Ең алдымен қолыңнан не келетінін анықтап ал. Нақтырақ айтсақ, икигайыңа мән бер.
Қазіргі уақытта қолыңнан келетін істі анықтау қиын емес. Нақтырақ айтсақ, мықты және әлсіз тұсыңды арнайы икигай құралы арқылы білуіңе болады. Бұл танымал жапондық әдістердің бірі.
✔️ Икигай сөзі — “өмір сүрудің мәні” деген мағынаны береді. Бұл ұғым құндылығыңды, өз жолыңды, қандай маман иесі болатыныңды, мақсатыңды анықтауға көмектеседі. тұлғаның ішкі өздік болмысын әйгілеп, соған адал түрде іс жасап, кәсіп таңдауын көрсетеді. Әр адам өз ішкі өздік болмысына сай келетін өмір сүріп, өзі қызығатын іспен/кәсіппен шұғылданғанда, оған өте жайлы сана күйі қалыптасып, бәрі жеңіл әр жағымды болады. Өзі ұнатқан іс болғандықтан адамда шаршау, жалығу, агрессия, стресс секілді жағымсыз сезімдер сирек болады.
Икигай төрт бағыттан тұрады. Олар:
1.Жаның қалайтын іс
2.Қолыңнан келетін іс
3.Ақша әкелетін іс
4.Қоғамға пайдалы іс
🗒 Аталмыш ережеге сәйкес ақ параққа жақсы көретін істеріңнің тізімін жазып шық. Содан соң бұл тізімнен қолыңнан келетін істі іріктеп ал. Іріктелген тізімнің арасынан ақша әкелетінін бөліп аламыз. Осылайша, соңғы ережеге сай қоғамға пайдалы істі жүзеге асырасың.
2️⃣-қадам. Жалқаулығыңды жең. Бүгін істеу керек нәрсені ертеңге қалдырма.
📌Есіңде болсын, жалқаулығыңды жеңе білсең, асығың әрқашан алшысынан түседі. Сондай-ақ тағдыр жолыңда бұрмалаң болмайды.
3️⃣-қадам. Әрдайым ізденісте бол. Білімге деген құштарлығыңды жоғалтып алма.
📚Оқымай білімді боламын дегендер, тормен су алғысы келген жанмен тең. Френсис Бэконның “Біз қанша білсек, сонша нәрсе қолымыздан келеді. Сондықтан да білім — күш” деген керемет тәмсілі бар. Расымен, білім жолын қусаң, қалаған есігіңнің қақпасы ашық болады.
4️⃣-қадам. Тәуекел етуден қорықпа. Қорқақтық түбі жақсылыққа апармайды.
🖊Мақсат қой, әрекет ет, тәуекелшіл бол. «Тәуекел түбі – желқайық, өтесің де кетесің». Сондықтан өз қайратың мен күш-жігеріңе сен және сол жолда еңбектенуден шаршама.
5️⃣-қадам. Уақыттың қадірін біл. Есіңде болсын, бос өткізіп алған уақытыңды кері қайтара алмайсың. Сол себепті әр күніңді, әр сағатыңды, әр минутыңды өнімді өткізуің үшін оны дұрыс жоспарла.
🔍Имам Шафиғи: «Уақыт бейне бір жүзі лыпылдаған өткір қылыш секілді, егер оны дұрыс қолданбасаң, өзіңді кесіп түседі», – деген. Уақытыңды қолыңнан келетін, пайдалы іске арна. Сонда жүрек тыныштығынан айырылмайсың. Сонымен қатар ісіңе береке кіреді.