Сұранысқа ие маман болуға арналған 4С жүйесі

Автор: редактор 25 июня, 2024


Сұранысқа ие маман болуға арналған 4С жүйесі

🔗 Сөйлеу өнерін, дұрыс әрі сауатты сөйлеу техникасын толық меңгерген кез келген адам, кез келген маман иесі өз ісінде жеңіске жете алады және өзгелерден оқ бойы озық тұрады. Мейлі, сіз студент немесе оқушы, дәрігер, дүкендегі сатушы, ұстаз, я болмаса қайнаған бизнес әлемінің өкілі болыңыз сауатты сөйлеп қана қоймай, ойыңызды еркін жеткізе алсаңыз әр адаммен жоғары деңгейде байланыс орната аласыз.

✔️ Ендеше сұранысқа ие маман болу үшін “4 C” жүйесін меңгеріп алыңыз.

Сіздерге түсінікті болу үшін “4 C” тізбектеп шығайық.

1️⃣ Critical thinking – сыни тұрғыдан ойлау. Бұл дағды бойынша сіз кез келген мәселеге сыни көзқараспен қарап, ақпаратты сұрыптап, жан-жақты талқылайтын боласыз.

Осылайша өз бетіңізше қорытынды шығарып үйренесіз. Қандай да бір істі бастамас бұрын логикаңызды іске қосып, түрлі мәселелердің шешімін табуға бейімделесіз.

2️⃣ Creativity – шығармашылық қабілет. Шығарамашылық қыры жақсы дамыған адам стандартты емес шешімдерді қабылдап, кез келген өзгеріске дайын болады. Қиындықтарға қарсы тұра алады және туәкел етуден қорықпайды.

3️⃣ Coordinating with ohers – өзге адамдармен қарым-қатынас орнату. Координация коммуникациямен тығыз байланысты, бірақ кәсіби салаға жатады. Бұған жалпы мақсатты және оған жету жолдарын анықтау, нәтижені бағалау мүмкіндігі жатады.

4️⃣ Communication – коммуникация. Қазір кез келген уақытта барлығына қоңырау шалу және хабарлама жазу мүмкіндігі бар. Сондықтан екі жағдайда да адамдармен дұрыс келіссөз жүргізіп, жоғары деңгейде байланыс орнату маңызды.

XXI ғасырда ең қажетті аталмыш дағдыларды қалыптастыру сіздің де қолыңыздан келеді. Тек қажетті білім алып, өзіңізді әрдайым шыңдап отыруыңыз қаже