Сөз сөйлеуге қалай дайындалу керек?

Автор: редактор 01 ноября, 2023


Сөз сөйлеуге қалай дайындалу керек?

🎙️ Көпшілік аудиторияның алдына шығып, сөз сөйлеу көптеген адамның үлкен фобиясы. Алайда қорқыныштың себептерін анықтамаса, одан айығу қиынға соғады. Тіпті қарапайым тілек айту барысында қысылып, өз ойын жеткізуге қысылатындар да кездеседі.

Ендеше назарларыңызға Дейл Карнегидің “Шешендік өнер негіздері” кітабынан бірнеше кеңес ұсынамыз.☝🏻🔥

📌 Сөз сөйлеге қалай дайындалу керек?

Ең алдымен төмендегі сұрақтарды өзіңізге қойыңыз:

1️⃣ Менің сөз сөйлеу кезінде қиындықтарым қандай, бұл оқуға не береді?

2️⃣ Маған ел алдында сөз сөйлеудің реті келді ме?

3️⃣ Егер келсе, қашан?

4️⃣ Қалай дайындаламын?

5️⃣ Қызметте, өмірдің басқа салалаларында өзіне деген сенімділіктің, нанымның, ұстамдылықтың арқасында жетістікке жеткен адамдарды танимын ба?

6️⃣ Осы қасиеттері болмағандықтан жетістікке жете алмағна адамдарды танимын ба?

🗣️ Егер аудитория алдында 2-3 минут тоқтамай сөйлеп, анық ойыңызды жеткізе алсаңыз, онда алғашқы жетістік — осы.

☝🏻Мен неге шешендік өнерді үйренуге шешім қабылдадым?

Осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітіңіз.

📌 Егер кәсібіңіз туралы айтуды жөн санасаңыз, онда қалай дайындалар едіңіз?

Бұл тақырыпқа қатысты ақпарат көп. Енді соны іріктеп алып, бір жүйеге келтіруіңіз керек. Оның бәрін айтып шығуға тек 3 минут беріледі. Алайда ақпаратты тек 3 минутқа сыйдыру мүмкін емес. Сондықтан тақырыптың тек бір ғана аспектісін алып, соны ғана ашып көрсетуге тырысыңыз.

Мәселен, неліктен дәл осы бизнесті таңдадыңыз және осы кәсіпті неге таңдағаныңыз жөнінде айтқаныңыз жөн.

Адамдарға қарапайым баяндалған және мақтанбай, жалған намысын тықпыламай сөйлейтін жандардың шынайы өмірден алынған оқиғалары қызықтырады.

Немесе жұмысыңыздың өзге бір аспектсінін алыңыз. Мысалы, осы салаға қызығатын жастарға қандай кеңес берер едіңіз?

Жұмыс барысында кездескен жақсы не жаман адамдар туралы не айтуға болады?

Әріптестеріңізбен қарым-қатынас жасау кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Егер бизнесіңіздің теникалық жағы туралы айтатын болсаңыз, ол көпшілігін қызықтырмауы мүмкін. Алайда адамдар туралы айтатын болсаңыз, ол көпшілігін бейжай қалдырмайды.

Ең бастысы әңгімеңізді абстарактілі уағызға айналдырып жібермеңіз.

Сөйлеген сөзіңіз жанды мысалдар мен жалпы жағдайдан тұратын ақпараттардан тұрғаны жөн.