Саясаткерден сәнгерге дейін: Кристиан Диор әлемге әйгілі брендтің негізін қалай қалады?
📌 Кристиан Диор – француз сәнгері. Өнер иесі 1905 жылы 21 қаңтарда Францияның солтүстік-батысындағы Ла-Манш жағалауының бұрынғы балық порты, Гранвильдегі шағын Норманд қалашығында дүниеге келеді. 1911 жылы кішкентай Кристианның отбасы Парижге көшіп кетеді. Оның ата-анасы ауқатты адамдар болғандықтан, балалары еш нәрсеге мұқтаж болмай өсті. Әкесі химиялық тыңайтқыш саудасымен жағдайын жасаған. Кристиан бастапқы білімін үйінде алады және ата-анасының талабымен дипломатиялық жолдағы мансабына дайындалады. Ол Еркін саяси ғылым мектебіне түседі, алайда мұнда ұзақ болмайды. Осылайша уақытын музейде өткізіп, музыкалық композиция және сурет өнерінде оқиды.
🎨 1928 жылы Кристиан досы Жан Бонжакпен бірігіп арт-галереясын ашады. Ол галереяда Дерен, Матис, Пикассо жұмыстары көрсетілген. 1931 жыл Кристиан үшін қиын кезең болды: анасы қатерлі ісік ауруынан дүниеден өтеді, ал әкесі алаяқтардың құрбаны болып, банкротқа ұшырайды және туберкулезбен ауырады. Сол кезде Кристианың галереясы да жабылады, өйткені галереяның көп бөлігін әкесі қаржыландырған еді. Дәл сол уақытта ол өзінің суреттерін сата бастайды: Le Figaro llustre журналына қалпақ эскиздері мен көйлектерін басып шығарады.
📍1938 жылы ол танымал модельер Роберт Пигенің (Robert Piguet) назарын аударады, алайда мансабының қарқынды дамуына сол жылдардағы соғыс кедергі болады. Диор армияға кетіп, Францияның оңтүстігінде әскери борышын өтейді. Алайда 1941 жылы Парижге қайта оралады және танымал модель үйі Lucien Lelong үшін жұмыс істейді.
📍1942 жылы Кристиан, Christian Dior Perfume фирмасына айналған парфюмерлік лабораториясының негізін қалайды.
📍1946 жылы соғыс аяқталғаннан кейін Marcel Boussac тоқыма фабрикантының қаржылық көмегімен өзінің жеке сән үйін ашады.
1947 жылы Диор өзінің алғашқы коллекциясына су жаңа New Look концепциясын енгізеді. Бұл жаңа кринолин нұсқасында жасалған «романтикалық топтама» болды.
Алғашқы кезде жаңа сәнгерге үреймен қарайды, дегенмен бір жылдан кейін бүкіл Еуропа мен Америка жаңа стильді қабылдайды.
📍Диор өзінің белсенділігі және қатал түйсігінің арқасында соғыстан кейінгі Парижге әлемдік сән астанасы атағын қайтарып бергендердің бірі болды. Ол өзінің әріптесі Жак Руэмен бірге сән кәсібіндегі лицензиялық келісімді бірінші болып қолданады.
1948 жылы Кристиан өз моделдерінің лицензиялы өнімін бүкіл әлем және Францияның барлық аймақтарына таратады. Осылайша Диордың фирмалық белгілері тез арада жер шарының барлық түпкірлерінде пайда болады. Ұлы сәнгер 1957 жылы 24 қазанда Монтекатини-Термеде (Италия, Тоскана), жүрек талмасынан 52 жасында дүниеден өтеді.
Оның Гранвильдегі үйі қазір музейге айналған.
Диор үйі XX ғасырдың көрнекті сәнгерлерінің бесігі болады. Солай 1953 жылы фирмаға жас сәнгер Ив Сен Лоран (Yves Saint Laurent) келеді. Диордың аяқ астынан дүниеден өткенінен кейін Ив Сен Лорен Dior үйінің үздік сәнгері болады. 1960 жылы Ив Сен Лорен әскери қызметке шақырылғаннан кейін оның орнына Марк Боан (Marc Bohan) келіп, 1989 жылы Джанфранко Ферре (Gianfranco Ferre) шығарып жібергенге дейін Dior үйін басқарады. 1996 жылы Dior үйінің бас модельері қызметіне Джон Гальяно (John Gallifno) бекітіледі.