Сергек жүруге арналған ТОП-5 әдіс

Автор: редактор 09 Мамыр, 2023


Таңертең сергек жүру көпшілік үшін оңайға соқпайтыны рас. Байқасаң, бірі шаршап жүреді, енді бірі ашушаң мінез танытады. Ал мұның бәрі жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізеді. 

Ендеше құрметті қыз-жігіттер, біз ұсынған 5 әдісті мұқият оқып, күнделікті өмірде қолданып жүр! Сергек жүру сенің де қолыңнан келеді. 💯

1️⃣ Ерте ұйықтап, ерте тұруды әдетке айналдыр. 

“Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», – деген қазақтың аталы сөзі көпшілікті ерте тұру мәселесіне бей-жай қарамауға шақырады. Ұйқыдан ерте тұрудың пайдасы көп. Ерте тұру – күні бойы сергек жүрудің бір жолы. Таңертең жұмыс істеу – түнде жұмыс істегенге қарағанда әлдеқайда нәтижелі болатынын есіңнен шығарма. Сонымен қатар таңмен таласа тұрсаң физикалық тұрғыдан өзіңді белсенді сезінесің.💪 

2️⃣ Оятарға бірден тұр. 

Көп жағдайда белгілеген уақытты кейінге шегіріп, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қаласың. 5-10 минут ештеңені шешпейді. Нәтижесінде жүйкеңе кері әсерін тигізеді. Сондықтан оятарды нақты ұйқыдан тұратын уақытқа қой және бірінші дыбысынан бірден төсектен тұруға тырыс. 

3️⃣ Спортпен айналыс. 

Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің бір тәсілі – спорт. 🧘🏻‍♀️🧘🏼 Адам дене жаттығуларымен айналысқан сәтте оның миында жаңа нейрондар байланысы түзіледі. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты әрі шыдамды болады. Денені шынықтырмай, спортпен шұғылданбайтын болсаң, өзіңді шаршаңқы сезініп, жалқаулық орын ала бастайды. Еш нәрсеге зауқың болмай берекетің қашады. Басың ауырып, әлсіздіктер пайда бола бастайды. Тіпті, тамақ ішуге де зауқың соқпайды. Өйткені ас қорытылмайды. Ұйқың да қашады. 

Сондықтан таңғы жаттығуды жасауды ұмытпа. Себебі ол жүрекке жақсы серпін мен күш береді. Спортпен тұрақты түрде айналыспасаң, 10 мың шақырым жүруді әдетке айналдыр. 

4️⃣ Таңғы ас мәзірін ретке келтір. 

Таңертеңгі асын тастамайтын адамның күйзеліске қарсы тұру қабілеті жоғары болады. 🍲 Сондай-ақ таңғы ас мидың жақсы қалыптасуына және ақпаратты есте сақтауға қажет. Таңертең ақуызға бай жұмыртқа мен нанды тұтынғаның абзал. Мүмкіндік болса, сүт-айран ішуіңе болады. Себебі таңғы уақытта ол қте сіңімді болады. 

5️⃣ Күндіз жарты сағатқа мызғып ал. 

Бұл есте сақтау қабілеті мен ағза жұмысын жақсартуға көмектеседі. 🧠 Күндізгі ұйқыны ұзаққа созылып кетпесін. Өйткені әлсіз боп оянасың. Алайда мұндай ұйқы да пайдалы. Біраз уақыт өтіп, ұйқы ашылғаннан кейін күш-қуаттың артқанын сезінесің. Сол себепті уақыт тауып, мызғып алуға тырыс.

#қазынакеңес #сергекжүру