Сіз кімсіз: Аудиал, визуал, кинестетик
Ақпаратты қабылдау жағынан адамдар 3 түрге бөлінеді. Психологияда оларды аудиал, визуал және кинестетик деп көрсетеді. Олай болса осы түрлерге жеке-жеке тоқталып өтейік.
1️⃣ Аудиал
Аудиалдар кез келген ақпаратты есту мүшесі арқылы тез қабылдайды. Яғни, олар адамдарды онлайн және офлайн форматта да жақсы тыңдай алады. Сонымен қатар ауызша айтылған мәліметтерді жылдам есте сақтайды.
Аудиал жандарға тән бірнеше белгі бар. ⬇️
◾️ Сөйлесу кезінде олар “жақсы тыңдадым”, “түсінбедім”, “айта бер”, “мені тыңда” деген тіркестерді жиі қолданады.
◾️Жақсы естиді әрі жақсы тыңдайды
◾️Бір нәрсеге назарын қою үшін тыныштық орнауы қажет
◾️Өзінің және өзгенің сөйлеу мәнеріне ерекше мән береді
◾️ Музыкаға деген махаббаты үлкен.
◾️ Сөйлесу кезінде өте сезімтал.
◾️ Есте сақтау жадысы жақсы дамыған.
◾️ Кез келген мәселені басқа адамдармен талқылауды жөн санайды.
◾️ Мұндай адамдар көпшіл болып келеді.
2️⃣ Визуалдар
Олар әлемді көру арқылы қабылдайды. Визуалдардың ең басты мүшесі — көз. Мұндай типтегі адамдар үшін ақпаратты көру арқылы сұрыптау өте ыңғайлы болып келеді. Сонымен қатар мимика олардың ерекшелігі ретінде қызмет атқарады. Сондықтан оның өтірік не рас айтқанын көзінен бірден байқауға болады.
Визуалдарға тән белгілерге тоқталып өтейік. ⬇️
◾️Өтірік айтқанда жоғары және төмен қарайды.
◾️Суреттер арқылы ақпаратты жылдам қабылдайды.
◾️Сөйлесу кезінде “байқауымша”, “менің көзқарасым бойынша”, “менің ойымша” деген тіркестерді көп қолданады.
◾️Оқу кезінде графиктерді, схемаларды, фотосуреттерді, тәжірибе түрінде көрсетілетін зерттеулерді жақсы қабылдайды.
◾️Адамдардың бет-әлпетіне, ым-ишараларына, жүріс мәдениетіне ерекше назар аударады.
◾️ Әлемнің сұлулығына тамсанып жүреді. Көп жағдайда мұндай жандар жаяу жүргенді, серуендегенді ұнатады.
3️⃣ Кинестетик
Мұндай адамдар эмоцияға ерекше мән береді.
Оларға тән бірнеше белгі бар. ⬇️
◾️Кинестетиктердің жиі қолданатын тіркестері: “мені қайран қалдырды”, “таңқалдым”, “қатты әсер етті”.
◾️Әңгімелесушімен өте жақын қашықта тұрғанды ұнатады.
◾️Эмоцианалдық интеллекті жоғары.
◾️Қозғалыс және жанасу арқылы ақпаратты жақсы қабылдайды.
◾️Кинестетиктер жеке тәжірибе арқылы әлемді тануға тырысады. Олар арнайы тәжірибені жақсы көреді. Нақтырақ айтсақ, дәмін біліп, иіскеп, ұстап көру арқылы тез қабылдайды.
◾️Бұл типтегі адамдар белсенді болып келеді. Сондықтан әрдайым қозғалыста жүргенді ұнатады. Оларға зейінін нақты бір жерге қою қиындық тудырады. Сол себепті бір сарынды жұмыстарды ұнатпайды.