Soft skills немесе Hard skills: Әрбір маманның жетістікке жетуі үшін қай дағды маңызды?

Автор: редактор 19 февраля, 2024


Soft skills немесе Hard skills: Әрбір маманның жетістікке жетуі үшін қай дағды маңызды?

💭 Қазір өркениетті әлемде маманға қойылатын талап бұрынғыдан мүлдем басқа. Жетістікке жету үшін сіздің тек кәсіби біліктілігіңіз аздық етеді. Осы тұста көкейіңізде «неге?» деген сұрақтың туындайтыны рас. Себебі XXI ғасыр біз күтпеген өзгерістерге толы.

Жалпы, әр маманның кәсіби біліктілік моделінде дағдыларды soft skills (жұмсақ) және hard skills (қатаң) деп бөледі. Hard skills — күнделікті жұмыс барысында нақты міндеттерді шешу үшін қолданылатын кәсіби дағдылар. Бұларды аз уақытта меңгеруге болады. Hard skills техникалық білімдерге негізделген және оқу, үйрету процесінде қалыптасады.

📌 Soft skills — адамның ішкі менінің дұрыс қалыптасуы, уақытты дұрыс басқаруы, лидерлік қабілет, жеке дамуы, қарым-қатынас құра білуі, тб тұлға болу үшін қажетті дағдылар. Бұл дағдылар мен қабілеттер өмірде де, жұмыста да дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

📌 Алдағы 5-10 жылда жасанды интеллект толыққанды дамыса, кей салада қызмет ететін мамандардың орнын роботтар басатыны айқын. Ал бұл кезде адамдар роботтармен SOFT SKILLS дағдысы жоғары дамыған жайғдайда ғана бәсекеге түсе алады.

📌 Ендеше ешқандай саланы, ешбір адамды таңдамайтын кез келген маманға қажет 4 дағды не?

Қымбатты оқырман, сұранысқа ие маман болу үшін «4 C» жүйесін білгеніміз жөн.

Сіздерге түсінікті болу үшін «4 C» тізбектеп шығайық.

🟢 1. Critical thinking – сыни тұрғыдан ойлау. Бұл дағды бойынша сіз кез келген мәселеге сыни көзқараспен қарап, ақпаратты сұрыптап, жан-жақты талқылайтын боласыз.

Осылайша өз бетіңізше қорытынды шығарып үйренесіз. Қандай да бір істі бастамас бұрын логикаңызды іске қосып, түрлі мәселелердің шешімін табуға бейімделесіз.

🟢 2. Creativity – шығармашылық қабілет. Шығарамашылық қыры жақсы дамыған адам стандартты емес шешімдерді қабылдап, кез келген өзгеріске дайын болады. Қиындықтарға қарсы тұра алады және туәкел етуден қорықпайды.

🟢 3. Coordinating with ohers – өзге адамдармен қарым-қатынас орнату. Координация коммуникациямен тығыз байланысты, бірақ кәсіби салаға жатады. Бұған жалпы мақсатты және оған жету жолдарын анықтау, нәтижені бағалау мүмкіндігі жатады.

🟢 4. Communication – коммуникация. Қазір кез келген уақытта барлығына қоңырау шалу және хабарлама жазу мүмкіндігі бар. Сондықтан екі жағдайда да адамдармен дұрыс келіссөз жүргізіп, жоғары деңгейде байланыс орнату маңызды.

🔴 XXI ғасырда ең қажетті аталмыш дағдыларды қалыптастыру сіздің де қолыңыздан келеді. Тек қажетті білім алып, өзіңізді әрдайым шыңдап отыруыңыз қажет.