“Суретші сияқты ұрла”: Мақсатқа жетуге көмектесетін 8 идея

Автор: редактор 23 сентября, 2024


«Суретші сияқты ұрла» (Кради как художник) бұл кітап – жазушы әрі суретші Остин Клеонның әлемге әйгілі бестселлері. Кітап авторы туындысында шығармашылық жолда дамудың түрлі нұсқасын ұсынады.

⚫️Суретші сияқты ұрлаңыз…

Барлық суретші «идеяны қайдан аласыз?» деген сұраққа тап болады. Шыншыл әрі әділ суретші идеяны ұрлайтынын жеткізеді. Мықты суретші туындысын салмас бұрын, қоршаған ортаға, айналасына көз жүргіртіп, өзіне не керегін анықтап, фокусты сол бейнеге қояды. Осылайша, ол өзіне қажетті дүниені шешеді. Өмірге нақышкерлердің көзімен қарау арқылы бірден жақсы не жаманды, істің дұрыс не бұрыстығын аңғарып кету мүмкін емес. Тек көшіруге лайық не лайықсыз дүниелерді саралап үйренесіз. Біреуді, бір нәрсені көшіріп алудың өзі — үлкен өнер. Яғни, сіз көшіру арқылы өз жолыңызды тауып, тұлға болып қалыптасасыз.

⚫️Сен бастапқыда көшірме сияқты бастайсың, кейін өзің түпнұсқаға айналасың.

Ешкім өзінің жеке стилімен, өзіндік даусымен өмірге келмейді. Бастапқыда барлығы өздері таңдаған, қалаған адамдарына ұқсағысы келеді. Көшіру арқылы үйренеді. Мұнда тек тәжірибе туралы айтылуда. Өзіңе ұнағанды көшіруді баста. Көшір! Көшір! Көшір! Сол арқылы өзіңді таба біл. Біріншіден – кімді көшіретініңді, екіншіден – нені көшіретініңді білуің керек. Кімді көшіретінің, ол – оңай. Өз қаһарманыңды, яғни өзіңе ұнайтын, шабыт беретін, ұқсағыңыз келетін адамдарды көшіресіз. Көптеген әннің авторы Ник Лоу бірде былай деген: «Сіз өз қаһарманыңыздың өмірін қайтадан көшіруден бастайсыз». Бірақ, бір маңызды ереже бар, сен бір емес, бірнеше қаһарманыңнан көшіруің керек. Жазушы Уилсон Мизнердің айтуы бойынша, бір авторды көшіру арқылы сен плагиат боласың, ал бірнеше адамдарды көшіру арқылы сен зерттеу жасайсың. Бірде мен мультипликатор Гари Пэнтердің: «Егер сен бір адамға ғана ұқсасаң, бәрі сені соған еліктеуші дейді. Ал бірнеше адамнан ұрлап көрші, бірден түпнұсқа болып шыға келесің», — дегенін естідім.

⚫️ Есіңізде болсын, ештеңенің түпнұсқасы жоқ….

Жазушы Джонатан Летем адамдар көптеген дүниенің оннан бірінің көшірме екенін байқамайтынын айтады. Кез келген шығарманың нәтижесі оған дейін жасалған туындылардың жемісі. Себебі ештеңенің түпнұсқасы жоқ. Француз жазушысы Андре Жид «Айтылуы керек нәрсенің барлығы айтылды. Бірақ оны ешкім естімегендіктен, жаңалап айтуға болады» деп айтқан болатын.

⚫️ Әрбір жаңа идея – ескі идеялардың қоспасы.

Бұған қарапайым тілде жақсы мысал – генетика. Яғни, біздің бойымызда әкеміз бен анамыздың қасиеттері бар. Бірақ біз осы қосындылар жиынынан да көппіз. Біз әкеміз бен анамыздың, ата-бабаларымыздың көшірмесіміз. Ата-анамызды біз таңдамаймыз, есесіне дос-жаранды, тыңдайтын әуен мен көретін фильмді, оқитын кітапты, сүйікі ісімізді өзіміз таңдай аламыз. Негізінде біз өмірімізге енгізгіміз келген дүниелердің жиынтығымыз. Ал біз өзгеге ықпал жасайтын дүниенің қосыныдысымыз.

⚫️ Сені қоршаған орта қандай жақсы болса, сен де соншалықты жақсысың.

Сенің жұмысың жақсы идеяларды жинаудан тұрады. Яғни, қиялыңмен байланысқа түсетін және сенің түсінігіңмен сәйкес келетін дүниелердің барлығын ұрла. Ескі немесе жаңа фильмдерден, әуеннен, кітаптан, суреттер мен өлеңдерден, ұйықтағанда көретін түстерден, кездейсоқ әңгімелерден, көшедегі белгілерден, тіпті, ағаштан, судың ағысынан, жарықтан алатын әсерді, түрлі құбылыстарды өзіңнің бойыңа сіңіре бер.
Марсель Дюшанның «Мен шығармашылыққа сенбеймін. Мен оларды жасаушыларға сенемін» деген сөзінің жаны бар. Мысалы, сіз өзіңіз жақсы көретін бір ойшылды немесе жазушыны ма, журналисті, суретші не саясаткерді танып біліңіз. Ол туралы толық ақпарат жинаңыз. Содан кейін ол жақсы көретін үш адамның тарихын зерттеп, олар туралы мәлімет жинаңыз. Осы үрдісті шамаңыз келгенше, қабілетіңіз жеткенше қайталай беріңіз. Уақыт өте келе, сол жүйеден өз жолыңыз пайда болады.

⚫️ Үйренуден жалықпаңыз.

Өзің өмір сүретін әлемге таңырқай қара, әрдайым қызығушылық таныт. Білмеген сөздеріңнің мағынасын сөздіктен ізде. Сілтемелерден өте бер. Өзгелерден тереңірек қазбала, сонда ғана сен озық боласың.

⚫️ Керек нәрсені гугл арқылы танып біл.

Өз армандарыңыз бен қиыншылықтарыңыздың жауабын да гуглдан қараңыз. Гуглдан іздемей жатып, өзгеден сұрамаңыз. Қорытындысында жауабын өзіңіз табасыз.

⚫️ Өз-өзіңді түсінгеніңді күтпей, іске кіріс.

Саған бір нәрсені бастау қорқынышты болуы мүмкін. Бұл көптеген жоғары білімді адамдарға тән жаратылыс. Оны «алдамшы адам синдромы» деп атайды. Алдамшы адам синдромы – адам өз жетістіктерін қабылдай алмайтын психологиялық құбылыс.