Табысты болуға итермелейтін 7 әдет
Өмірде кез келген адам өз биігін қалыптастыруды армандайды. Алайда оған бірі жетсе, бірі орта жолдан тоқтап, үмітсіз күй кешеді. Ал табысты адам болу жолында оның зейнетіне жету үшін бейнетін де бастан кешіруге дайын болуыңыз керек. Ендеше бүгін өзіңіз қалаған жетістік шыңына жетіп, биік белесті бағындыруыңызға арналған жеті әдет жайлы сөз қозғаймыз.
1️⃣ Кітап оқуды жаныңызға серік етіңіз. 📚 Кітап оқу арқылы сіз жаңа әлемнің есігін ашасыз. Сәйкесінше ойлау қабілетіңіз артады. Мейлі көркем әдеби, мейлі ғылыми кітап болсын оқуды әдетке айналдырыңыз. Ең маңыздысы оқыған ақпаратты өмірде кәдеге жарату.
2️⃣ Жаңа технологиялар туралы біліңіз. 💻 Заманауи технологиялар кез келген сұрақтың жауабын шешуге көмектесіп, кез келген тығырықтан шығуға көмектеседі. Сондықтан жаңа технологиялар жайлы біле жүріңіз. Сіздің рухани тән саулығыңыздың кепілі.
3️⃣ Медитация жасаңыз. 🧘🏻♀️ Белгілі бір уақыт аралығында медитация жасауды әдетке айналдырыңыз. Бұл жаныңыз бен ойыңызды тазартатын рухани жаттығу. Егер күнделікті жасауға мүмкіндік болмаса, жексенбі күні 1-2 сағатыңызды медитацияға арнаңыз. Медитацияны тыныш жерде жасаңыз. Бұл уақытта сізді ешкім мазаламауы тиіс. Медитацияның көмегімен ашу-ызаны басқаруды үйреніп, өз сезімдеріңізді бақылауға аласыз.
4️⃣ Қоғамға пайдаңыз тисін. 👨👦👦Тек жеке пайдасын ойлаған адамның жетістікке жете бермейтіні түсінікті. Сол себепті, жақсылық пен мейірімділіктің артынан міндетті түрде шуақты күндер күтіп тұрғанын есіңізден шығармағайсыз. Біреуге қол ұшын созып, көмеккк асықсаңыз, табысыңыздың да артатыны сөзсіз.
5️⃣ Кез келген жағдайға бейімделіңіз.☝🏻 Әрбір жағдайға түсінікпен қараңыз. Сіздің жоспарларыңыз кенеттен өзгеріп, келеңсіз жайттар немесе сіз күтпеген тосын сыйлар орын алуы мүмкін. Алайда қандай жағдай болса да сабырлық танытып, түсіністікпен қараңыз. Адамның басына сынақ кез келген уақытта түседі.
6️⃣ Қалаған бағытыңызда әрекет етіңіз
✍🏻 Мақсат қою — 50% жетістікті құрайды. Бірақ тілектерімізді жүзеге асыру үшін нақты әрекет қажет. Сенімділікті қалыптастыруды кішкентай қадамдардан баста. Бірден үлкен, ауыр тапсырмаларға асықпа. Алдымен мақсатыңа жету жолын егжей-тегжейлі бақылап, сен үшін ең қарапайымынан баста.
Бірінші кезеңді аяқтағаннан кейін, жеткен жетістіктерің үшін өзіңді мадақта. Осылайша, келесі кезеңнің мақсаттарына өтесің. Мұндай әрекет өзіңе деген сенімділікті арттырады.
7️⃣ Спортпен айналысыңыз🏃🏻🏃🏻♀️
Жетістікке жетіп, үздік болудың тағы бір тәсілі – спорт. Адам дене жаттығуларымен айналысқан сәтте оның миында жаңа нейрондар байланысы түзіледі. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты әрі шыдамды болады. Денені шынықтырмай, спортпен шұғылданбайтын болсаң, өзіңді шаршаңқы сезініп, жалқаулық орын ала бастайды. Еш нәрсеге зауқың болмай берекетің қашады. Басың ауырып, әлсіздіктер пайда бола бастайды. Тіпті, тамақ ішуге де зауқың соқпайды. Өйткені ас қорытылмайды. Ұйқың да қашады.