Табысыңызды арттыруға көмектесетін 5 қадам
1️⃣ — қадам. Ең алдымен қолыңнан не келетінін анықтап ал. Нақтырақ айтсақ, икигайыңа мән бер.
✔️ Икигай сөзі — “өмір сүрудің мәні” деген мағынаны береді. Бұл ұғым құндылығыңды, өз жолыңды, қандай маман иесі болатыныңды, мақсатыңды анықтауға көмектеседі. Икигай төрт ережеден тұрады. Олар:
1.Жаның қалайтын іс
2.Қолыңнан келетін іс
3.Ақша әкелетін іс
4.Қоғамға пайдалы іс
🗒 Аталмыш ережеге сәйкес ақ параққа жақсы көретін істеріңнің тізімін жазып шық. Содан соң бұл тізімнен қолыңнан келетін істі іріктеп ал. Іріктелген тізімнің арасынан ақша әкелетінін бөліп аламыз. Осылайша, соңғы ережеге сай қоғамға пайдалы істі жүзеге асырасың.
2️⃣-қадам. Жалқаулығыңды жең. Бүгін істеу керек нәрсені ертеңге қалдырма.
📌Есіңде болсын, жалқаулығыңды жеңе білсең, асығың әрқашан алшысынан түседі. Сондай-ақ тағдырың оңынан келеді.
3️⃣-қадам. Әрдайым ізденісте бол. Білімге деген құштарлығыңды жоғалтып алма.
📚Оқымай білімді боламын дегендер, тормен су алғысы келген жанмен тең. Френсис Бэконның “Біз қанша білсек, сонша нәрсе қолымыздан келеді. Сондықтан да білім — күш” деген керемет тәмсілі бар. Расымен, білім жолын қусаң, қалаған есігіңнің қақпасы ашық болады.
4️⃣-қадам. Тәуекел етуден қорықпа. Қорқақтық түбі жақсылыққа апармайды.
🖊Мақсат қой, әрекет ет, тәуекелшіл бол. «Тәуекел түбі – желқайық, өтесің де кетесің». Сондықтан өз қайратың мен күш-жігеріңе сен және сол жолда еңбектенуден шаршама.
5️⃣-қадам. Уақыттың қадірін біл. Есіңде болсын, бос өткізіп алған уақытыңды кері қайтара алмайсың. Сол себепті әр күніңді, әр сағатыңды, әр минутыңды өнімді өткізуің үшін оны дұрыс жоспарла.
🔍Имам Шафиғи: «Уақыт бейне бір жүзі лыпылдаған өткір қылыш секілді, егер оны дұрыс қолданбасаң, өзіңді кесіп түседі», – деген. Уақытыңды қолыңнан келетін, пайдалы іске арна. Сонда жүрек тыныштығынан айырылмайсың. Сонымен қатар ісіңе береке кіреді.