Тайм-менеджмент: Парето қағидасы бойынша уақытты тиімді жоспарлаудың негізгі 4 жолы

Автор: редактор 22 октября, 2024


Тайм-менеджмент: Парето қағидасы бойынша уақытты тиімді жоспарлаудың негізгі 4 жолы


1️⃣ Парето қағидасы деген не?

🟢 Парето қағидасының негізгі заңдылығы — 20% әрекет 80% нәтижеге бағытталады, ал 80% күш тек 20% нәтиже көрсетеді. Бұны итальяндық экономист әрі әлеуметтанушы Вилфредо Парето тайм-менеджментке байланысты тұжырымдаған.

Мысалы: Егер күнделікті әрекеттеріңіздің ең маңызды 20%-ын орындасаңыз, жұмыс күшіңіздің 80%-ын үнемдейсіз.

2️⃣ Парето қағидасын күнделікті өмірде қалай қолданамыз?

📌 Мақсат қойып, оған жетудің нақты уақытын анықтаңыз.
📌 Ақпарат жинақтап, маңызды деректерді сұрыптап алыңыз.
📌 Артық әрекеттерді алып тастап, ең нәтижелі істерге ден қойыңыз.
📌 Нақты жоспар құрып, нәтижені уақытында талдап отырыңыз.

Мысалы: Егер сіздің 20% әрекетіңіз — маңызды жобаны уақытында орындау болса, қалған 80%-ға бос уақыт пен кездейсоқ жұмыстар жатады.

3️⃣ Өз уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз

🟢 80/20 ережесі бойынша тиімділікті арттыру үшін сізге күш, тәртіп және мотивация қажет. Парето қағидасының қарапайым алгоритмін ұстаныңыз:

📌 Мақсатты анықтау.
📌 Нақты уақыт шеңберінде әрекет ету.
📌 Маңызды деректерді іріктеп алу.
📌 Артық ақпараттан бас тартып, қажетті әрекеттерге назар аудару.

4️⃣ Өзіңізге маңызды 5 сұрақты қойыңыз

✔️Уақытыңыздың 80%-ын қайда жұмсайсыз? Кітап оқуға ма, әлде әлеуметтік желіге ме? Бұл сізге пайданың 20%-ын ғана бере ме?

✔️Уақытыңыздың 20%-ын жұмысқа арнап, 80% рахатты неден аласыз?

✔️Қоршаған ортаңыздағы қай адамдар сізді бақытты етеді?

✔️Қай киімдердің 20%-ын аптаның 80%-да киесіз?

✔️Тамақтану режиміңде 80% құрайтын азық-түліктің 20%-ы қандай?

Талдау: Егер уақытыңыздың 80%-ын сізді тек 20% бақытты ететін жандарға арнасаңыз, ортаңызды өзгерткеніңіз дұрыс.

5️⃣ Қорытынды

🟢 Парето қағидасын дұрыс қолдана отырып, өміріңізді тиімді жоспарлап, өз уақытыңызды ұтымды пайдалана аласыз. Ең маңыздысы — энергияңызды нақты бағытта жұмсау!