Тайм-менеджмент: Уақытты қалай тиімді басқаруға болады?
🕗 Тайм-менеджмент — бұл уақытты дұрыс басқара отырып, әр күніңізді өнімді өткізу. Бұл әдісті күнделікті өмірде тұрақты түрде қолдансаңыз, көптеген мақсатқа қол жеткізуге болады.
Жұмысқа барып-келумен 🕺 ғана шектеліп қалмай, денсаулығыңызға, демалысыңызға🧘🏻♂️, спортқа🏋🏻🏊🏻♀️, отбасыңызға👨👩👦👦 және рухани дамуыңызға 🤹🏻♀️🎨 да уақыт таба аласыз.
Тайм-менеджменттің түрлі әдіс-тәсілдері бар. Сондықтан, осы әдістерге назар аударайық.⬇️
📌 Жоспар құрыңыз. Мақсаттарыңызды және міндеттеріңізді нақты анықтап алыңыз.
📌 Жоспарлау — уақытты тиімді басқарудың маңызды бөлігі. Қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттарды жазып, күнделікті, апталық, айлық және жылдық жоспарлар жасап шығуыңыз, күнделікті уақытыңыздың бос өтпеуіне көмектеседі.
📌 Әр жоспарға қажетті уақытты анықтап, нақтылап қойыңыз. Бұл сіздің жауапкершілігіңізді арттырады. Күнделік, стикерлер немесе электронды құралдар (мысалы, Trello, Mind Map) арқылы бұл процессті тиімді ұйымдастыруға болады.
✅ Сонымен қатар, уақытты басқаруда Эйзенхауэр матрицасын қолдануды ұсынамыз.
📌 Бұл әдіс АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэрдің есімімен танымал. Ол көптеген тапсырмаларды түрлі санаттарға бөліп, тиімді басқарған.
1️⃣ Жедел және маңызды тапсырмалар.
2️⃣ Маңызды, бірақ жедел емес тапсырмалар.
3️⃣ Жедел, бірақ маңызды емес тапсырмалар.
4️⃣ Маңызды емес және жедел емес тапсырмалар.
📌 Ақ параққа төрт санатқа бөліп жазып, тапсырмаларыңызды ұйымдастырыңыз.
📌 Алдымен жедел әрі маңызды тапсырмаларды орындаңыз, себебі бұл сіздің болашағыңыз үшін ең маңызды істер. Оларды кейінге қалдыруға болмайды.
📌 Маңызды, бірақ жедел емес тапсырмаларды өз ыңғайыңызға қарай орындайсыз.
📌 Жедел, бірақ маңызды емес тапсырмаларды орындауға көп күш жұмсамай, қажет болған жағдайда басқа адамға тапсырған жөн.
📌 Шұғыл емес және маңызды емес тапсырмаларды тізімнен алып тастауға болады.
Бұл әдіс уақытты тиімді пайдалану үшін өте маңызды.