Тілді оңай меңгерудің тиімді 3 жолы

Автор: редактор 14 Қараша, 2023


Тілді оңай меңгерудің тиімді 3 жолы

🟩 Мәселен, мақсат – ағылшын тілін меңгеру болса, төменде берілген кеңеске көз жүгіртіп шық. Аталмыш әдістерді кез келген тілді үйрену кезінде қолдануға болады.

🖍 Ағылшын тілін күнделікті практикада қолдану.

🪧 Бөлмеңе арнайы бір тақта қойып, ағылшын тіліндегі сөздерді жазып қой. Бөлмеңе әр кірген сайын ол сөздерге көзің түсіп, нәтижесінде санада мықтап сақталып қалады.

📲 Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен телефоныңдағы қосымшаларды ағылшын тіліне ауыстырып қойғаның жөн. Бұл әдіс арқылы көзің, қолың, миың жаттығады. Мәселен, оны қолдану барысында түсінбеген сөзіңді арнайы сөздіктен іздеп, тауып, тақтаға жазып қой. Осылайша көптеген сөзді жаттап алуға мүмкіндік аласың.

🖍 Достарыңмен байланысқа түскен кезде ағылшын тілін араластырып сөйле.

🧍🏻‍♀️🧍🏻 Әлеуметтік желілерде досыңмен бір күні қазақ тілінде, екінші күні ағылшын тілінде сөйлесіп көр. Бір-біріңнің қателеріңді түзеп, тілді дамытуда үлкен жетістікке жете аласың. Бұл тәсілді пайдалану үшін сөздік қорыңды да күн сайын дамытып отыруың қажет.

🖍 Ағылшын тілінде ән салу, ертегі оқу, аудио тыңдау.

🎧 Ағылшын тіліндегі әндер мен ертегілерді көбірек тыңдауды әдетке айналдыр. Ән құлағыңда жатталып қалады және ән салу барысында әуеніне келтіруде қиындық туындамайды. Ал сол әндегі күрделі сөздерді қазақ тіліне аудару сөздік қорды дамытудың үздік жолы.