Time Blocking әдісі арқылы уақытты басқарудың 6 жолы

Автор: редактор 29 октября, 2024


Time Blocking әдісі арқылы уақытты басқарудың 6 жолы

⏰ Time Blocking – уақытты тиімді басқарудың бір әдісі, онда әр тапсырмаға немесе іс-әрекетке арнайы уақыт блогы арналады. Бұл әдіс адамға уақытын нақты жоспарлауға және басымдықтарды нақты анықтауға көмектеседі. Әдістің мәні – күн-апта бойындағы әр сағат немесе минут алдын ала жоспарланып, әр блок тек бір тапсырмаға арналады.

📍Time Blocking әдісін қолдану қадамдары:

1️⃣ Тапсырмаларды анықтау

Алдымен барлық атқарылуы қажет істің тізімін жасап, соларды негізгі санаттарға (жұмыс, жеке уақыт, демалыс, т.б.) бөлуіңіз керек. Содан соң әр санаттағы тапсырмаларды маңыздылығына қарай реттестіріп шығыңыз.

2️⃣ Әр тапсырмаға уақыт бөлу

Әр тапсырмаға қанша уақыт қажет екенін ойластырып, нақты уақыт блогын арнаңыз. Мысалы, маңызды кездесулер үшін 1 сағат, ал электрондық поштаны тексеру үшін 15 минутыңызды бөлуге болады.

3️⃣ Блоктарды күнтізбеге енгізу

Тапсырмаларға арналған уақыт блоктарын күнтізбеге енгізіңіз. Бұл блоктарды нақты уақытта орындау мақсатында ескертпе қойсаңыз да болады. Ең кең таралған тәсіл – Google Calendar. Алайда басқа да цифрлық күнтізбелерді қолдану — жеке таңдауыңыз.

4️⃣ Блоктар арасында үзіліс жасау

Уақыт блоктарын жоспарлау кезінде олардың арасына қысқа үзілістерді қосыңыз. Бұл демалып, зейінді арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, 45 минут жұмыс істеп, 10-15 минут үзіліс жасауға болады.

5️⃣ Икемділік

Time Blocking кезінде кейде күтпеген оқиғалар болуы мүмкін. Сондықтан өзгерістерге икемді болу маңызды. Егер күтпеген жағдай орын алса, басқа уақытқа көшіру үшін арнайы бос блоктар қалдырыңыз.


6️⃣Талдау және жетілдіру

Апта соңында өткен тапсырмаларды талдап, қай блоктың тиімді болғанын және қайсысын жақсарту қажет екеніне баға беріңіз. Осы талдаудың нәтижесінде келесі аптадағы уақыт блогын жетілдіруге болады.

📌 Time Blocking әдісінің артықшылықтары:

▪️Нақты мақсат қою

Әрбір тапсырма үшін арнайы уақыт бөлінгендіктен, алаңдамай, нақты бір іске назар аудару жеңіл болады.

▪️Уақытты бақылау

Бұл әдіс уақыттың нақты қай бағытқа жұмсалып жатқанын көрсетіп, тиімсіз әрекеттерден арылуға көмектеседі.

▪️Басымдықтарды анықтау

Алдымен маңызды тапсырмаларға уақыт бөлу арқылы маңызы төмен істерге уақыт қалдырмай, басымдықтарды дұрыс қоюға мүмкіндік береді.

▪️Алаңдаушылықтан арылу

Әр тапсырма үшін арнайы блок жоспарланғандықтан, бір уақытта бірнеше іс-әрекет жасаудың қажеттілігі болмайды, бұл зейінді арттырады.

❓Time Blocking тәсілін қайда қолдануға болады?

✔️Жұмыс күнін жоспарлау – маңызды кездесулер, жобалар, тапсырмалар және үзілістер үшін блоктар жасау.
✔️Тіл үйрену – күнделікті сөйлесуге, жазуға, тыңдауға және оқуға арналған блоктар құрап, мақсатқа жету.
✔️Жеке дамуға арналған уақыт – спорт, кітап оқу, медитация сияқты істерді жоспарлау.

Time Blocking-ті күнделікті өмірге енгізе отырып, уақытты тиімді пайдаланып, күннің әр сәтін өнімді етуге қол жеткізе аласыз.