Уақытты дұрыс жоспарлап, сапалы өткізудің 4 ережесі

Автор: редактор 28 мая, 2024


Уақытты дұрыс жоспарлап, сапалы өткізудің 4 ережесі

“Уақыт — ақша. Уақыт — өмір”. ⏰ Бұл пікірге келіспеу мүмкін емес. Себебі уақытты тиімді пайдалану арқылы діттеген мақсатыңа жылдам арада жете аласың.

Ендеше біз ұсынған кеңеске құлақ түріп, уақытты дұрыс жоспарлаудың алтын ережесін пайдаңызға жаратыңыз.

📂 Зерттеулерге сүйенсек, оқушылар уақытының басым бөлігін телефонға, әлеуметтік желіге, теледидар көруге, достарымен сөйлесуге арнайды екен. Ал бұл әрекеттер оқушының жетістікке жету көрсеткішін төмендетеді.

📌 Сондықтан ең алдымен уақытты тиімді басқарудың 4 ережесіне назар аудар.

🔺Маңызды мақсаттарыңды анықтап ал;
🔺Барлық қажет емес затты лақтырып таста;
🔺Қажет емес нәрселерден бас тартуды үйрен;
🔺Нақты атқаратын ісіңнің орындалу уақытын белгіле.

📌 Содан соң күндік жоспарға көшесің. Бұл 3 бөлімнен тұрады.

▪️Бір күнді жоспарлау;
▪️Тапсырмалар тізімін жасау;
▪️Маңызды істермен түске дейінгі уақытта айналысу.

📌 Егер мақсаттарыңның жазбаша түрі болса, ол міндетті түрде орындалады. Сол себепті бір күнде, апта ішінде жасайтын істерің мен мақсаттарыңды белгілеп, жазып жүру маңызды болып келетінін есіңнен шығарма.

📌 Ал бір күндік жоспар оқуға деген өнімділігіңді 25%-ға арттырады.

📌 Орындайтын әрбір ісіңнің белгіленген уақыты болсын. Бұл нақтылыққа үйретеді.

📌 Бастаған ісіңді соңына дейін жеткізуді әдетке айналдыр. Бір істі аяқтамай жатып, екінші іске көшіп кетпе. Әр істі кейінге қалдыруды, уақытын кешіктіруді доғар.

📌 Бір сағат сабақ оқып, 5-10 минут үзіліс жасап отыр. Осы арқылы зейін мен өнімділікті қайта қалпына келтіре аламыз.

📌 Сабақ оқуда қажетті күш-қуаттың қалыптасуы үшін спортқа да арнайы уақыт бөлуің керек.

Іс жүзінде уақытты жоспарлау өмірді жеңілдетеді. Ең бастысы табандылығың мен жігеріңді іске қосып, 20-30 күнде әдетіңе айналдыра аласың.✅