Уақытты тиімді басқаруға арналған 6 қосымша

Автор: редактор 05 января, 2025


Уақытты тиімді басқаруға арналған 6 қосымша

✔️ Уақытты тиімді басқарудың кез келген әдісі маңызды 3 бөлімнен тұрады. Атап айтатын болсақ, бірінші — жұмыстың маңыздысын анықтау, екінші — жоспарлау, үшінші — бақылау.

Ендеше бүгін уақытты тиімді басқарудың жолдарымен бөлісеміз.

🟢 Жұмыстың маңыздысын қалай анықтаймыз?

Тапсырманы орындауға кіріспес бұрын оның қаншалықты шұғыл, күрделі және маңызды екенін анықтап алған жөн. Содан соң әрекетке көшу жеңіл болады.

Жоспарлау. Аталмыш бөлімбе міндеттерді орындауға кірісеміз. Нақтырақ айтсақ, тапсырмалардың уақытын белгілеп, арнайы дедлайнмен жұмыс істейміз.

Қадағалау. Бұл жерде тапсырманың орындалу процессі мен нәтижесін бақылаймыз. Осылайша жұмыс өнімділігімізді арттырамыз.

🟢 Ал енді уақытты басқаруға арналған ТОП-6 қосымшаға тоқталайық.

Бұл қосымшалар тапсырмаларды уақытылы орындауға көмектеседі.

📌 Focus To-Do

Қосымшада Pomodoro таймері мен таск-менеджер бір мезетте жұмыс істейді. Яғни, мұнда уақыт 30 минутқа жоспарланған. Помодоро әдісі бойынша 25 минут тоқтаусыз жұмыс істеп, 5 минут демаласыз. Дәл осылай 4 айналым жасап отырасыз.

📌 Trello

Бұл жеке қажеттіліктер мен топтық жұмыстарға арналған канбан-тақта. Оның бір бағанына істелу керек тапсырмалар жазылады. Екінші бағанына орындап жатқан тапсырмаларыңызды белгілейсіз. Ал үшінші бағанға аяқтаған жұмыс нәтижесін көрсетесіз.

📌 Forest

Forest — телефонға арналған таймер. Тапсырманы орындауға кіріспей тұрып, таймерді қосасыз. Белгіленген уақыт аралағында телефонға қол тигізбеуіңіз қажет. Себебі экран бетінде ағаш өседі. Егер сіз оны уақыты аяқталмай жатып құлыптан босатсаңыз, ағаш өледі. Осылайша оны қайта өсіруіңізге тура келеді.

📌 Notion

Бұл кез келген жаңа ақпаратты сақтауға және оны жүйелеуге арналған мәліметтер базасы.

📌 Todoist

Жоспарлаудың әртүрлі әдісіне арналған қосымша.

📌 SingularityApp

Электронды поштадан тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін таск-менеджері.