Уолт Дисней компаниясының дүниеге келуі: Әлемдік алпауыттың 100 жылдық тарихы қалай өрбіді?

Автор: редактор 01 Сәуір, 2024


Уолт Дисней компаниясының дүниеге келуі: Әлемдік алпауыттың 100 жылдық тарихы қалай өрбіді?

📌 Уолтт Дисней кім?

Уолт Дисней – анимациялық суретші, режиссер және «The Walt Disney Company» компаниясының негізін қалаушы. Дисней алғашқы дыбыстық және музыкалық мультфильм киносының авторы атанды. Режиссер ретінде ол 111 фильм түсіріп, 576 кинофильмнің продюсері болды.

Ол 1901 жылы 5 желтоқсанда Чикагода дүниеге келді. 1906 жылы отбасымен Миссури штатындағы фермаға, ал 1910 жылы Канзас-Ситиге көшті. 14 жасынан бастап ол газет сатушы болып жұмыс істейді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Дисней Францияда Халықаралық Қызыл Кресттің жедел жәрдем көлігін басқарып, бір жыл қызмет етеді.

🟢 Ал 1920 жылы Дисней жарнамалық киностудияға суретші болып жұмысқа орналасады. Мұнда алғашқы жарнамалық фильмдерін жасап, өзінің анимациялық туындыларын жасауды қатты армандайды.

🏆 The Walt Disney Company қалай пайда болды?

Уолт Дисней Компаниясы — ойын-сауық өндірісі жөнінен әлемнің ең ауқымды компанияларының бірі. 1922-1927 жылдары Дисней тек шығармашылықпен айналысып жүрген уақытта алып осы компания пайда болады.

🟢 Сәйкесінше, ағайынды Уолтер және Рой Дисней компанияның негізін қалады. Алғашында бұл орын шағын анимациялық студия ретінде бой көтерген болатын. Ал бүгінгі таңда Голливудтағы ең беделді әрі танымал фильм өндіруші компания ретінде танымал.

🎬 Алғашқы мультфильмнің жарыққа шығуы

1924 жылы наурызда жазушы Льюис Кэрролдың “Алиса ғажайыптар әлемінде” деген кітабының желісі негізінде “Алисаның теңіздегі бір күні” деп аталатын алғашқы туындысы жарыққа шығады. 1926-1927 жылдары салынған суреттер де Алисаның құрметіне “Алиса мультипликация әлемінде” деп аталды. Бұл Дисней фильмдерінің өзіндік стилін қалыптастыруға зор үлес қосты.

📍Компания жасаған “Освальд қоян” атты мультфильм 1927 жылы танымал болып, көрермен саны артады. Осы тұста бір қызықты деректі бөлісе кеткен жөн. Бәрімізге белгілі Микки Маустың алғашқы атауы Мортимер болыпты. Алғаш рет тышқан Микки Маус «Crazy Airplane» дыбыссыз фильмінде пайда болды. Сол жылы «Вилли атты кішкене кеме» атты фильмнің кейіпкері ретінде танылды. Бұл кино өндірі тарихында алғашқы синхронды дыбысталған суретті фильм болатын. Микки Маусты алғашында Дисней өзі дыбыстаған.

Бұл жетістіктер жолы үлкен мақсаттарымен жалғасын тауып, ол ертегі әлемінің кірпішін қалай бастайды. Нәтижесінде 1953 жылы Лос Анжелесте тұратын 17 отбасының жерін сатып алып, қаладан 50 шақырым жерде үлкен парк құрылысын бастап кетеді.

💰🥇Жетістіктері

▪️Уолт кино өнеріндегі ерекше еңбегі үшін 26 мәрте «Оскар» иеленіп, рекорд орнатты.

▪️2009 жылдың тамызында Уолт Дисней компаниясы Marvel Entertainment компаниясын 4,5 миллиард долларға сатып алғаны белгілі болды.

▪️Уолт Дисней компаниясы Dow Jones Industrial Average құрамына кіреді. 2019 жылдың қарашасына нарықтық қаржыландыру $ 240 млрд құрады.