Өз ісімізде қалай үздік боламыз? ТОП-5 кеңес
1️⃣ Уақытты дұрыс жоспарлаңыз. ⏰
Кайдзен философиясы адамдарға асықпай, бірақ тұрақты түрде даму жолын ұсынады. Бұл жапондық жоспарлау әдісі үздіксіз жетілуге, күнделікті алға жылжып отыруға бағытталған. Кайдзен бойынша, кішкентай қадамдармен үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады.
Уақытты тиімді басқару – бұл мақсатқа жетудің басты құралы. Белгіленген жоспар бойынша жұмыс істегенде, көптен бері аяқталмаған істерді орындау да оңай болады. Әр күнде өзіңізге қиын болып көрінетін істің бір минутын арнаңыз: кітап оқу, шет тілін үйрену, сурет салу және т.б. Осылайша сылтауларды тоқтатып, жалқаулыққа жол бермей, алға жылжуға болады.
2️⃣ Мақсаттардың тізімін жазу. ✍🏻
Тек ойда жүрген мақсатың орындалмайды. Арман тек арман болып қала береді, егер оны жазып, нақты қадамдарға бөлу керек. Мақсаттарды жаза отырып, оны кіші мақсаттарға бөлсеңіз, әрбір қадамды орындау жеңіл болады. Осы арқылы өзіңізге сенімділік пайда болып, “мен жасай аламын” деген ұстанымды ұстаныңыз.
Томас Эдисон электр шамын жасау үшін 10 000 рет қателесті, Уолт Дисней 303 рет банктен «жоқ» деп жауап алды, ал «Гарри Поттер» авторы өз кітабын баспаға тапсырып, бірнеше рет баспагерлерден бас тартуды естіді. Бірақ олардың бәрі де мақсаттарына сеніп, табандылық танытқаннан кейін әлемге әйгілі болды. Өз арманыңызға сеніңіз, ол міндетті түрде орындалады.
3️⃣ Ерте ұйықтап, ерте тұруды әдетке айналдыр. 🌤
Қазақтың “Ерте тұрған еркектің ырысы артық” деген аталы сөзі ерте тұрудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Ерте тұру – күні бойы сергек жүрудің кілті. Таңертең жұмыс істеу түнде жұмыс істеуден әлдеқайда тиімді екенін ұмытпаңыз. Таңмен тұрып, физикалық тұрғыда да белсенді боласыз, бұл денсаулыққа да пайдалы.
4️⃣ Спортпен айналыс. 🏃🏻🏃🏻♀️
Жетістікке жету үшін дене жаттығуларымен айналысу – маңызды қадамдардың бірі. Спорт барысында миында жаңа нейрондар байланысы түзіліп, адам денсаулығы мықты әрі шыдамды болады. Егер спортпен айналыспасаңыз, денеңіз әлсіреп, жалқаулық пайда болады, ол өз кезегінде жұмысқа деген мотивацияңызды төмендетеді. Сонымен қатар, дененің мықты болуы – өзіңізді әрқашан сергек әрі белсенді сезінудің басты кепілі.
5️⃣ Миды жаттықтыр. 🧠
Үздік болу үшін ми жұмысына да көңіл бөлу керек. Әр күн сайын 20-30 минут кітап оқып, оқығандарыңызды дәптерге жазып, өзіңізге баяндап беріңіз. Сөзжұмбақтар мен логикалық тапсырмаларды шешу де мидың жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Ақындардың өлеңдерін жаттап алу, шет тілдерін үйрену – мидың белсенділігін арттыратын керемет әдістер. Осылайша, ми жұмысын жақсартып, өз ойларыңызды жүйелі түрде қалыптастыра аласыз.