Өз үйім: Отбасы банктен үйді несиеге қалай сатып алуға болады?

Автор: редактор 21 Қыркүйек, 2023


Өз үйім: Отбасы банктен үйді несиеге қалай сатып алуға болады?

🏠 “Өз үйім” бағдарламасы – отбасы банкінің жеке бағдарламасы. Ол банк салымшыларына бірегей шарттармен жаңа үйлерден пәтер сатып алуға мүмкіндік береді.

📌 Ең төменгі бастапқы жарна – үй құнының 20%-ы

Заем бойынша ең төменгі мөлшерлеме – 3,5% (ЖТСМ 3,6% – дан бастап), ең жоғары мөлшерлеме – 8,5% (ЖТСМ 8,8% – дан бастап), одан кейін 3,5-5% – ға дейін (ЖТСМ 3,6% – дан бастап) дейін төмендейді.

Артықшылықтары қандай?

▪️Бағалар нарықтағы үй құнынан төмен

▪️Құрылыс барысында-ақ үлестік қатысу арқылы үй сатып алуға болады

▪️Салымшының атында басқа үйдің бар-жоқтығы және қанша үй сатып алайын деп жатқаны маңызды емес

▪️Салынып жатқан нысаннан пәтер таңдау мүмкіндігі қарастырылған.

▪️Бағдарламаға қатысушылар салық жеңілдігін ала алады.

▪️Үй сатып алынатын жерде тіркеуде тұру міндетті емес

📍Шарттары қандай?

✔️“Өз үйім” бағдарламасына қатысу туралы өтініш берген сәтте шоттарында кем дегенде 500 000 теңгенің басын құраған банктің барлық салымшысы бұл бағдарламаға қатыса алады.

✔️Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме заем түріне және өтініш берген қатысушының төлем қабілеттілігін анықтау сәтіндегі оның банктегі шотына қандай көлемде қаражат жинағанына байланысты анықталады.

✔️Бастапқы жарна үй құнының 20%-ы мен 50%-ы аралығында

✔️Мөлшерлеме – 7% (ЖТСМ 7.3%-дан бастап), кейін 5%-ға дейін (ЖТСМ 5.2%-дан бастап) төмендейді

✔️Бастапқы жарна үй құнының 50%-ы

✔️Мөлшерлеме – 7% (ЖТСМ 7.4%-дан бастап), кейін 5%-ға дейін (ЖТСМ 5.3%-дан бастап) төмендейді

✔️Депозиттің ашылғанына кем дегенде 3 жыл болуы керек, жиналған қаражат үй құнының 50%-ын құрау тиіс және бағалау көрсеткіші жетуі қадекватный