Өз салаңызда жетістікке қалай жетуге болады? — Әлем жұлдыздарынан кеңес
Әлем жұлдыздарының жүріп өткен жолы мен өмірден алған сабағы әртүрлі. Сондықтан әрқайсының берер кеңесі өмірлік тәжірибелеріне негізделіп жатады. Ендеше, бүгін назарларыңызға әйгілі өнер иелерінің негізі ұстанымдарын ұсынамыз.
1️⃣ Өзіңізге сену және тәуекелге бару – Уилл Смит
Уилл Смит – әлемдегі ең табысты актерлердің бірі. Оның мотивацияға толы сөздері әрдайым тыңдарманын шабыттандырады. “Егер өзіңізге сенсеңіз және армандарыңыз үшін тәуекелге барсаңыз, мүмкін емес нәрсе жоқ” деген ұстанымы оның өміріне тікелей негізделген. Өнер иесі қиындықтардан қорқып, тәуекелден бас тартқан адамдардың болашағы күңгірт болатынын айтады. Уилл Смиттің табысқа жетудегі басты құпиясы – үнемі ізденіс үстінде болуы әрі жұмыс істеуге деген ерекше құлшынысы.
2️⃣ Армандар орындалады – Опра Уинфри
Опра Уинфри — әлемдегі ең ықпалды әйелдердің бірі. Өнер иесінің балалық шағы түрлі қиындыққа толы болса да, сағы сынбай армандарынан бас тартпады. Осылайша табандылығы мен қайтпас қайсарлығының арқасында әлемге танымал болды. Оның айтуынша, “Арманның жүзеге асуы үшін армандап қана қоймай, оған барлық күш-жігеріңізді салып әрекет етуіңіз керек”. Опра әрбір адамның өз тағдырын қалыптастыру мүмкіндігі бар екенін айтады.
3️⃣ Өз жолыңды табу – Илон Маск
Илон Маск – әлемге танымал кәсіпкер, Tesla мен SpaceX компанияларының негізін қалаушы. Ол өз өмірінде көптеген сын-қатермен бетпе-бет келген, бірақ ешқашан жеңіл жолды таңдамай, барлық қиындықты жеңіп, табысқа жеткен. Илон Масктің ұстанымы — өз жолыңды табу және сол жолда аянбай еңбек ету. Оның сөзінше, болашақтың жарқын не бұлыңғыр болуы адамның ерік-жігері мен әрекеттеріне байланысты.
4️⃣ Кемшіліктерден күш алу – Майкл Джордан
Майкл Джордан – әлемнің ең ұлы баскетболшысы. Ол спорттық мансабында көптеген сәтсіздік пен сынға ұшыраған. Бірақ оны жеңіс үшін арқау етіп, ең үлкен жетістіктерге жете білді. “Мен әрбір сәтсіздікке ұшыраған сайын, одан сабақ алып, мықты бола түстім”, — дейді Майкл. Ол қателік пен кемшілікті алпауыт күшке айналдырудың үлгісі болды.
5️⃣ Әр сәтті пайдалану – Ричард Брэнсон
Ричард Брэнсон, Virgin Group компаниясының негізін қалаушы, кәсіп жолында үлкен жетістікке жеткен тұлға. Ол үнемі “Қорықпай, әр мүмкіндікті пайдалану керек” деген қағиданы арқау еткен. Брэнсонның өмірі жаңа мүмкіндіктер мен тәуекелдерге тллы болды.
6️⃣ Еңбек пен төзімділік – Криштиану Роналду
Әлемнің ең танымал футболшысы Криштиану Роналду табысының басты құпиясын еңбекпен және төзімділікпен байланыстырады. Спортшы “ұлы тұлға” болу жолында үздіксіз жаттығу жасап, уақытын тиімді пайдалана білді. Оның айтуынша, “Егер өз ісіңізге барлық күш-жігеріңізді арнап, еңбек етсеңіз, табыс міндетті түрде келеді”. Роналдуның өмірлік жолы күнделікті еңбектің нәтижесін, әрі төзімділік пен еңбекқорлықтың маңыздылығын көрсетеді.
7️⃣ Шабыттану және қиындықтардан өту – Джоан Роулинг
“Хәрри Поттер” әлеміне жол ашқан Джоан Роулинг жазушылық мансабын қиындықтармен бастаған. Ол бірнеше рет жазудан бас тартқан. Алайда өзін қамшылаудың арқасында жазуды қайта жалғастырды. Джоан Роулинг: “Әрбір сәтсіздік – келесі жетістікке жету үшін қажет қадам” дейді. Ол бізге өмірдегі әрбір қиындықтың үлкен жетістікке жетудің кілті болатынын айтады.
8️⃣ Қорқынышты жеңу – Тайгер Вудс
Әлемнің ең үздік гольфшыларының бірі Тайгер Вудс жеке өміріндегі қиындықтар мен денсаулығына байланысты проблемаларды жеңіп, қайтадан әлемдік деңгейде жеңістерге жете білді. Ол “Қорқынышқа қарамай, алға жылжу” деген ұстанымды ұстанады. Тайгер Вудс ешқашан қорқынышынан бас тартқан емес, керісінше оларды жеңіп, табысты болуға ұмтылды. Сондықтан әр адам жетістікке жетудің басты қадамы – еңбек, сенім және төзімділік екенін түсінуі тиіс.