Ұзақ өмір сүремін десеңіз…

Автор: редактор 25 Шілде, 2023


Ұзақ өмір сүремін десеңіз…

Адамның өмір жасын ұзартуға әсер ететін бірнеше фактор бар.

1️⃣ Дұрыс тамақтану

🍵 Дәрігерлердің айтуынша, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға және өмір жасын ұзартуға әсер етеді. Адамның дені сау болу үшін қырыққа жуық түрлі қоректік зат керек. Олар витаминдер, минералды тұздар, аминқышқылдары, негізгі май қышқылдары және көмірсу-белоктар. Міне, осы қоректік заттар күнделікті пайдаланып жүрген тамақтың құрамында болуы керек.

🥦🍇 Тамақ әртүрлі болса денсаулыққа қажетті қоректік затпен ағзамыз толық қамтамасыз етіледі. Сондықтан күн сайын тамақ рационында жеміс – жидек, көкөніс, нан және астық тұқымдас өсімдік өнімдері, ет, құс еті, жұмыртқа мен балық, кепкен бұршақ, үрме бұршақ, жасымық сияқты өсімдік белогына бай заттар және сүт өнімдернің болуына назар аудар.

2️⃣ физикалық жаттығулар

🧘🏻‍♀️🏊🏻‍♂️ Күніне кем дегенде 30 минут дене жаттығуымен айналыс. Бұл өмір сүру дағдыңда тұрақты әдет болып қалыптасуы тиіс. Физикалық жаттығулардың көптеген түрі бар. Оларға жүзу, жүгіру, жаяу жүру, би жатады. Дене жаттығулары көңіл күйді жақсартуға және күйзеліс пен үрейді төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар бұлшықеттің тығыз болуына, сүйектің мықты болып қалыптасуына ықпал етеді. Физикалық жаттығуларды жасай отырып, терідегі қан айналым процессін жақсартасың әрі қартаюдың алдын аласың.

3️⃣ Ішімдік пен шылымнан бас тарт.

▪️Темекі шегу – жүрек соғысының бұзылуына алып келеді. Яғни, қан тамырлары зақымдалып, ағзаны улайды. Темекі түтіні адамның барлық мүшесіне, әсіресе тыныс жолдарына өте қауіпті.
Екінші әдет – алкогольді шамадан тыс тұтыну. Алкоголь жүрек аймағының кеңеюіне, инфарктінің пайда болуына тікелей әсер етеді.

Қазақстанда өлім-жітімнің 84%-ына негізгі 4 ауру себеп:

* жүрек-қан тамыр аурулары (жүректің ишемиялық ауруы және инсульт);
* онкология аурулары;
* өкпенің созылмалы респиратор аурулары;
* қант диабеті

Бұл жұқпалы емес ауруларға маскүнемдік, нашақорлық, темекі шегу секілді зиянды әдеттер, дұрыс тамақтанбау және қимыл-қозғалыстың аз болуы, оның ішінде күні бойы отырып жұмыс істеу жатады.

4️⃣ Артық салмақтан арылу

Артық салмақ – адамның өмір сүру жасына әсер ететін басты кедергі. Егер денеңнен артық май мен артық салмақты байқасаң бүгінгі күннен бастап қолға ал.

🍶 Мәселен, тамақтанар алдында жарты литр су іш. Нәтижесінде өзіңізді тоқ сезініп, түскі және кешкі асты күндегіден азырақ жейсің. Шай мен кофені 1-2 күн қантсыз іш. Тәттіден бас тарта алмасаң, кептірілген жемістер (өрік, қараөрік, інжір, құрма) тұтынып көр.

5️⃣ Дұрыс ұйқы

😴 Қалыпты ұйқы кез келген адам үшін өте маңызды. Атап айтар болсақ, ол денсаулықтың, салауатты өмірдің, жастықтың және ұзақ өмірдің қайнар көзі.

Дүние жүзі ғалымдарының жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, ұйқы қанбаған жағдайда адамға мынадай кері әсері болады:

– Интеллекттің төмендеуі;
– Иммундық жүйенің бұзылуы;
– Терінің қартаюы;
– Қант диабеті, инфаркт, инсульт, семіздік, ДНҚ өзгеруі;
– Эмоционалды тұрақсыздық.

☝🏻 Сол себепті күнделікті ұйқы режимін қалыптастыр. Күндіз 15-20 минут ұйықтауды әдетке айналдыр. Күндізгі ұйқы қан қысымын төмендетеді, жүрек пен қан тамырларына оң әсер етеді, зейінді жоғарылатады. Кешкі асты ұйқыдан 2-3 сағат бұрын іш. Түнде тұтынатын ауыр тамақ мелатонин өндірісін бәсеңдетеді.

6️⃣ Миға арналған жаттығу.

🧠 Ми белсенділігін арттыру арқылы адамның ойлау жүйесі дамиды әрі өмір сүру жасы ұзарады. Сондықтан миға арналған C, D және В тобындағы дәрумендерді тұтын. Сонымен қатар мидың дамуына арналған күнделікті жаттығу жасап тұру керек. Мәселен, тісіңді өзіңе ыңғайсыз қолмен тазалап көр. Солақай болсаң оң қолыңмен, оңақайлар сол қолымен. Мұның пайдасы зор.
Шет елдің киноларын субтитрімен көр. Күн сайын жаңа тіл үйрен. 3-5 жаңа сөзді жаттап, ми жұмысын жақсарта аласың.