🟢 Бүгінде ақпараттандыру ғасырында зейінді бір жерге қойып, әрекет ету көпшілік үшін қиындық тудырады. Ал зейіннің тұрақсыздығы жетістікке жету жолындағы басты кедергі. Ендеше біз ұсынған 3 жаттығуды пайдаға асыр!
📌 1-жаттығу. Заттар тізімін бақылау
Алдымен бірнеше заттар тізімі көрсетілген суретті дайындап ал. Суретке 60 секунд көз жүгіртіп, мұқият қарап шық. Содан соң бос қағазды алып, есіңде қалған заттарды жаз немесе сурет салуыңа да болады.
Кеңес. Суретте көрсетілген заттарды рет-ретімен есте есте сақтауға тырыс. Бұл ойынды жеңілдетеді әрі ми жұмысын жақсартады. Сонымен қатар заттардың атын дауыстап айтуыңа да болады.
📌 2 — жаттығу. Фантаатикалық әңгіме құрастыр
Төменде бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ бірнеше сөз берілген. Аталмыш сөздерді есте сақтау үшін оларды бір оқиғаға байланыстыру қажет. Ең бастысы құрастырған әңгімең ерекше болсын. Сонда бейнелер жадыңа тез сақталады.
Сөздер:
Айна
Аспан
Ғарыш
Махаббат
Әлеуметтік желі
Су
Бактерия
Ауа
Қорапша
Жапырақ
📌 3 — жаттығу. “Досыңа көмектес” жаттығуы
Бұл ойында жаныңа төмендегі сандарды дауыстап айтатын дос керек. Сандар жазылған қағазға қарама. Тек құлақ арқылы тыңдауға тырыс. Бұл жердегі басты мақсат — мүмкіндігінше көп санды есте сақтау.