“Жаңа іс бастау ешқашан да кеш емес”: Атақты миллиардер Билл Гейтстің жетістік қағидасы
💰Жыл сайын америкалық Forbes іскерлік журналында капиталы 1 миллиард АҚШ долларынан асатын әлемдік миллиардерлер тізімі жарық көреді. Соңғы деректерге сәйкес осы тізімде жылдар бойы топ жарып тұрған Microsoft корпорациясының негізін қалаушы әрі белсенді кітап жазушы — Билл Гейтс. Оның байлығы $129 млрд долларды құрайды. 68 жастағы миллардер — АҚШ азаматы. Сонымен қатар қайырымдылық Билл және Мелинда Гейтстер қоры төрағаларының бірі.
📌 Билл Гейтс — Forbes журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам. Оның байлығының ең биік шыңы 120 млрд. долларға дейін жеткен еді. “Майкрософт” акцияларына биржалық бағалардың ауытқуына байланысты Гейтс санаулы секундтар ішінде миллиардтарын жоғалтып, оны қайта қалпына келтіре алды. Мемлекет “Майкрософтпен” соттасады, ал президенттер Гейтсті құрметпен қабылдайды. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күреске ақшасын жұмсауға ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек $10 млн. алады. Қалғаны оның кенже баласы қайырымдылық қорының еншісіне тиесілі. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған. Монополияға қарсы комитеттің талабы бойынша Президенттіктен бас тартқан Билл Гейтс қазіргі кезде компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін дайындау бойынша бас инженер болып табылады. Сонымен қатар, ол компания акциялары бөлігінің үлкен үлесінің иесі. Forbes журналының деректері бойынша, 1996-2007, 2009-2016 жылдары әлемдегі ең бай адам саналды.
📌 “Майкрософттың” дүниеге келуі жайындағы аңыз
Аллен 1974 жылы Гарвардтағы Гейтске келе жатып, жолда газет дүңгіршегінен журнал сатып алмақшы болады. Алайда онда көрген дүниесі оның және Гейтстің өмірін мүлдем өзгертеді. “Танымал электроника” журналының мұқабасында Altair-8080 суреті жарияланған, ал оның үстінде ірі шрифтпен “Коммерциялық модельдермен бәсекелесуге қабілетті, әлемдегі ең бірінші компьютер” деп жазылған. Олардың екеуі де олардың алдында қандай көкжиектердің ашылғанын бірден түсінді. Олар “үй” компьютерлерінің нарығы сәлден кейін құлпырып, миллиондаған адамдарға бағдарламалық құрал қажет болатынын түсінді. Бірнеше күннен соң Гейтс Altair өндірушісі – MITS компаниясына хабарласып, Алленмен бірлесіп Altair-де қолданыла ала- тын Basic бағдарламалау тілінің нұсқасын жасағанын айтты. Гейтс жалған айтты. Сол кезде достар кодтың бір жолын да жазған жоқ болатын. Соның үстіне, оларда Altair-де, оның чипі де болған жоқ. MITS бұл туралы білмей, Гейтстің ұсынысына қызығушылық танытты. Осылайша достар Basic бойынша қауырт жұмысқа кірісті. Гейтс кодпен жұмыс жасаса, Аллен PDP-10 мек- теп компьютерінде Altair жұмысын симуляциялады. Бір жарым айдан соң, бағдарлама дайын болды. Аллен оны MITS-ке апарды. Сол кезде ол алғаш рет Altair-ді ұстап көрген еді. Таңғажайып керемет болды – достардың бағдарламасы іске қосылды! Келісім-шарт жасалды.
“Бағдарламалық құрал нарығы туындады!” – деп айқайлап жіберді Гейтс.
Қазір Билл Гейтс «Майкрософт» компаниясын басқармайды. Уақытының көп бөлігін
қайырымдылыққа жұмсауда.
📌 Атақты миллиардердің жетістік қағидалары
▪️Билл Гейтс ақылдылығынан бөлек өте еңбекқор адам. Миллиардердің айтуы бойынша, кез келген адамға ақылды, зерек болу жеткіліксіз. Оған қоса еңбекқор болу керек екенін алға тартады. Ең бастысы жұмыскерлерден де осы қасиетті талап етеді.
▪️“Microsoft Corporation” компаниясының іргетасын қалап, “Windows” бағдарламасын жасаған тұлға компьютердің маңыздылығын және адамдардың өмірінде ойып орын алатындығын жақсы ұғына білген.
▪️Билл Гейтс өзін қоса есептегенде қызметкерлеріне жоғары жалақы тағайындамайды. Майкрософттың ешбір қызметкері әлемдегі ең жоғары жалақылы адамдардың қатарына кірмейді. Мұның орнына зерек адамдарды қызықтыру үшін оларға үлес береді. Бұның арқасында Майкрософт қызметкерлерінің біршамасы миллиардер, үштен бірі миллионер атанған.
▪️Сонымен қатар Билл Гейтс бір мақаласында жұмыстан шыққан әрбір қызметкерінің артынан “ол неге жұмыстан шықты, неге оны қанағаттандыра алмадық, қай жерде қате жібердік?” деген сұрақтарға жауап іздейтінін айтады.
▪️Миллиардер шешім қабылдауда батылдық танытуды айтады.
“Ең алдымен жағымсыз жаңалықтарды, содан кейін жақсы жаңалықтарды білуге тырыс. Билл Гейтс жақсы менеджердің ең басты қасиеті жағымсыз жаңалықтарды салқынқандылықпен қабылдай білу дейді. Себебі бұл әдіс кез келген мәселені жылдам әрі оңынан шешуге көмектеседі” — дейді ол.
▪️Бүгін жасауға болатын істі ертеңге қалдырмаңыз. Билл Гейтс: «Егер жұмыста бір нәрсе көңіліңізден шықпаса, өз ісіңізді ашыңыз. Мен бизнесімді гаражда бастадым. Уақытты тек өзіңізге қызықты іске жұмсау қажет»-дейді.
▪️Өзіңіздің ортаңызды өзгертіңіз. Әлем Билл Гейтсті бекерден бекер креативті адам санамайды. Ол жылына бірнеше мәрте үйреншікті ортадан ажырап, сананы сергіту керек дейді. Сонда мәселелер мен міндеттердің шешімі табылады.
▪️Тобырға ермеңіз. Олар дұрыс бағытта жүрмеуі мүмкін. Әрдайым өзіңіздің даму жолыңызды таңдаңыз.
▪️Сәтсіздік те жетістік бола алады, егер одан сабақ алсаңыз.