Жаңару күніне орай жаңа 7 әдет: Неден бастаймыз?

Автор: редактор 19 марта, 2024


Жаңару күніне орай жаңа 7 әдет: Неден бастаймыз?

Ғалымдар адамның жасы ұлғайған сайын оның ішкі өзгерістерге бейімділігі азаяды дегенді алға тартады. Бұл қандай да бір әдет яки мінез туралы ғана емес, сонымен қатар жаңа тәжірибелерге де байланысты айтылады. Аталмыш күні жаңа тәжірибе алып, қалаған нәрсені жасап көруге рұқсат берілген. Өмір салтының өзгеруі — адамдар мен оқиғалардың әрекетіне жаңа серпін береді. Сондықтан ішкі дауысыңызды тыңдаңыз және шұғыл мәселелерді шешуді кейінге қалдырмаңыз.

Өмірде кез келген адам өз биігін қалыптастыруды армандайды. Ендеше жеке өсу табыстың ажырамас бөлігі екенін есте сақтай отырып, біздің кеңеске көз жүгіртіңіз.

1️⃣ Кітап оқуды жаныңызға серік етіңіз. 📚 Кітап оқу арқылы сіз жаңа әлемнің есігін ашасыз. Сәйкесінше ойлау қабілетіңіз артады. Мейлі көркем әдеби, мейлі ғылыми кітап болсын оқуды әдетке айналдырыңыз. Ең маңыздысы оқыған ақпаратты өмірде кәдеге жарату.

2️⃣ Жаңа технологиялар туралы біліңіз. 💻 Заманауи технологиялар кез келген сұрақтың жауабын шешуге көмектесіп, кез келген тығырықтан шығуға көмектеседі. Сондықтан жаңа технологиялар жайлы біле жүріңіз. Сіздің рухани тән саулығыңыздың кепілі.

3️⃣ Медитация жасаңыз. 🧘🏻‍♀️ Белгілі бір уақыт аралығында медитация жасауды әдетке айналдырыңыз. Бұл жаныңыз бен ойыңызды тазартатын рухани жаттығу. Егер күнделікті жасауға мүмкіндік болмаса, жексенбі күні 1-2 сағатыңызды медитацияға арнаңыз. Медитацияны тыныш жерде жасаңыз. Бұл уақытта сізді ешкім мазаламауы тиіс. Медитацияның көмегімен ашу-ызаны басқаруды үйреніп, өз сезімдеріңізді бақылауға аласыз.

4️⃣ Қоғамға пайдаңыз тисін. 👨‍👦‍👦Тек жеке пайдасын ойлаған адамның жетістікке жете бермейтіні түсінікті. Сол себепті, жақсылық пен мейірімділіктің артынан міндетті түрде шуақты күндер күтіп тұрғанын есіңізден шығармағайсыз. Біреуге қол ұшын созып, көмеккк асықсаңыз, табысыңыздың да артатыны сөзсіз.

5️⃣ Кез келген жағдайға бейімделіңіз.☝🏻 Әрбір жағдайға түсінікпен қараңыз. Сіздің жоспарларыңыз кенеттен өзгеріп, келеңсіз жайттар немесе сіз күтпеген тосын сыйлар орын алуы мүмкін. Алайда қандай жағдай болса да сабырлық танытып, түсіністікпен қараңыз. Адамның басына сынақ кез келген уақытта түседі.

6️⃣ Қалаған бағытыңызда әрекет етіңіз

✍🏻 Мақсат қою — 50% жетістікті құрайды. Бірақ тілектерімізді жүзеге асыру үшін нақты әрекет қажет. Сенімділікті қалыптастыруды кішкентай қадамдардан баста. Бірден үлкен, ауыр тапсырмаларға асықпа. Алдымен мақсатыңа жету жолын егжей-тегжейлі бақылап, сен үшін ең қарапайымынан баста.

Бірінші кезеңді аяқтағаннан кейін, жеткен жетістіктерің үшін өзіңді мадақта. Осылайша, келесі кезеңнің мақсаттарына өтесің. Мұндай әрекет өзіңе деген сенімділікті арттырады.

7️⃣ Спортпен айналысыңыз🏃🏻🏃🏻‍♀️

Жетістікке жетіп, үздік болудың тағы бір тәсілі – спорт. Адам дене жаттығуларымен айналысқан сәтте оның миында жаңа нейрондар байланысы түзіледі. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты әрі шыдамды болады. Денені шынықтырмай, спортпен шұғылданбайтын болсаң, өзіңді шаршаңқы сезініп, жалқаулық орын ала бастайды. Еш нәрсеге зауқың болмай берекетің қашады. Басың ауырып, әлсіздіктер пайда бола бастайды. Тіпті, тамақ ішуге де зауқың соқпайды. Өйткені ас қорытылмайды. Ұйқың да қашады.